№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды

Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау маңызды екенін етіп, әлеуметтік азық-түлік түрлеріне шекті баға белгілеу керектігін тапсырды.
Бұл өте құптарлық жағдай. Карантин енгізілгелі кәсіпкерлер халықтың жағдайын емес, пайданы ойлай бастағанын көрдік. Мұндай сәтте мемлекет араласуы орынды. Енді ең негізгі тоғыз түрлі азық-түлікті қымбаттатқандар айыппұл арқалайды. Бұл жаңалыққа жерлестеріміз қуанып қалды. Енді халықтың бойында азық-түлік қымбаттайды деген үрей сейіле бастады.
Соңғы күндері Қызылорда облысында коронавирус өршіп, 116 адамға жетті. Оның 17-і Жаңақорған ауданында. Көрші Шиелі ауданындағы ахуалда өрши түсті. Онда 55 адамға жетіп, тіпті тұтас бір ауыл карантинге жапты. Бұл елдегі төтенше жағдайға бей-жай қарауға болмайды дегенді білдіреді. Сыр өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалға Мемлекет басшысы да алаңдаушылық білдіріп, катаң карантинтік режимді сақтау керектігін айтты. Біз бұл індетті сабырмен, үйде отырумен жеңеміз.
Сарапшылар коронавирус әлемдік экономикалық дамуды, тіпті құндылықтарды түбегейлі өзгертетінін сөз етуде. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін» деп бәсекеге қабілетті болып қалыптасатынымызға сенім білдірді.
Қазақ халқының мыңжылдықтар көшінде өзіндік орны бар. Жаңа бағытқа бағдар алған өркениет көшінен де лайықты орнын алатынына сенемін.
Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаев: «Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды» дегенін ұстаным ететін кез келді.

Жеңіс ИБРАГИМОВ,
№125 С.Сапарбеков атындағы мектептің директоры,
Жаңақорған ауданы
11 сәуір 2020 ж. 950 0