№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?

Қызылорда: 11 мамырдан бастап қандай кәсіпкерлік нысандары жұмысын бастайды?


Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 10 мамырда № 12 қаулысы шықты. Қаулыға сай Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия 11 мамырдан бастап кезең-кезеңімен жұмыс жасауға рұқсат берілетін салалардың және ұйымдардың тізімін бекітті.
Тізімге сай, 11 мамырдан бастап төмендегі нысандар жұмыс жасайды:
1. Бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендер (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
2. Отырғызу орындардың санына сәйкес шектеулермен қоғамдық көліктер (сағат 07.00-ден 21.00-ге дейін);
3. Қоғамдық моншалар (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін), бір мезетте:
- көлемі 100 шаршы метрге дейін 5 адамнан артық емес;
- көлемі 100 шаршы метрден жоғары 20 адамнан артық емес.
4. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 30 жұмысшыдан аспауы тиіс);
5. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 30 адамнан аспауы тиіс);
6. Сағат жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау, фотосалондар, жарнамалық агенттіктер, сондай-ақ сұлулық салондары (барлық қызмет түрлері) (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
7. Мал базарлары (сәрсенбі және сенбі күндері, сағат 04.00-ден 09.00-ге дейін);
8. Құрылыс материалдары базарлары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін);
9. Жұмыспен қамту орталықтары (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін).
18 мамырдан бастап:
1. Балабақшалардың кезекші топтары;
2. Мәдениет нысандарының жұмысы (көрермендердің қатысуынсыз 50 адамнан аспауы тиіс);
3. Спорт нысандарының жұмысы (спортшылардың жаттығуы 50 адамнан аспауы тиіс);
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден, 17.00-ге дейін) жұмыс жасайды.
25 мамырдан бастап:
1. Қонақ үй кешендері, отелдер;
2. Сауда ойын-сауық орталықтары (футкорттар, балалардың ойын алаңдары мен кинотеатрлардан басқа);
3. Балалар түзету (коррекции) кабинеттері (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
4. Ломбардтар (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) жұмысын жүргізе алады.

11 мамыр 2020 ж. 913 0