№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі ұзартылды

Қызылорда облысында карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды.
Бүгіннен бастап Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №10 қаулысы күшіне енеді. Осыған сәйкес, Қызылорда қаласы, аудан, елді мекендер арасы квартал немесе секторларға бөлініп, блокпосттар орнатылады.


«Сәйкесінше карантиндік аймақта жүріп-тұруға тыйым салынады. Көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдарын қоспағанда жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады», – деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.


Тұрғындарға медициналық бетперде киіп жүру міндеттеледі.
Қазірге дейін Қызылорда облысында 147 адам коронавирустық инфекцияны жұқтырды. Оның 21-і қауіпті індеттен толық хазылып шықты .
19 сәуір 2020 ж. 1 033 0