» » Қызылордалық кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат!

Қызылордалық кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат!


2020 жылдың 29 наурызында Қызылорда облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.Абдикаимованың облыста инфекцияның әрі қарай таралып кетуінің алдын алу мақсатында қаулысы шықты. Қаулыда көрсетілген кәсіпкерлерге қажетті ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.                                                     
«Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, микроавтобустар, таксилер т.б. автокөліктерменжолаушылар тасымалдау жұмыстарыарнайы  ескертпеге дейін 00.00 сағат 30.03.2020 жылдан бастап  тоқтатылсын.
Облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары арнайы  ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастап  тоқтатылсын.
Автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар жұмыстары арнайы  ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастаптоқтатылсын.
Санитариялық  және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік минимаркеттер, дүкендер сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар (сұлулық салондар, ательелер, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру, вулканизация, көлік жуу бойынша қызмет көрсету орындары, ломбарттар) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сонымен қатар автокөлік және оның бөлшектерін, тұрмыстық-техника, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары т.б. азық-түлік емес заттар сататын оырндардың жұмыстары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге шектеу қойылсын».

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
31 наурыз 2020 ж. 586 0