№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордалық журналистер 20-дан астам отбасыға азық-түлік себетін таратты

Қызылордалық журналистер 20-дан астам отбасыға азық-түлік себетін таратты




Қызылордалық журналистер #Birgemiz қайырымдылық шарасына үн қосты. Бүгін олар облыстағы тұрмыстық жағдайы төмен бірқатар отбасына азық-түлік себеттерін таратты, деп хабарлайды
syrboyi.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.
Игі іске ақпарат құралдарының 60-қа жуық өкілі қатысты. Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш аудандарындағы 20-дан астам отбасының аса қажеттіліктерін алып берді.
- "Кең болсаң, кем болмайсың" деген. Сыр журналистері қасиетті Рамазан айында осындай игілікті іске жұмылып, көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды.
 Енді осындай қайырымдылық шараларын шама-шарқымызша жыл соңына дейін тағы ұйымдастырғымыз келеді. Бұл - ақпарат айдынында еңбек етіп жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан сырбойылық журналистердің кең пейілінен туған бастама, - дейді "Qazaqstan" ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов.

Назерке Саниязова,
"Сыр бойы"

Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай
10 мамыр 2020 ж. 459 0