Үйлену тойында тұрмысы төмен отбасыға үй сыйлады
Ақтөбеде жастардың тойында табысталған пәтер тұрмысы төмен отбасыға сыйға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz порталына сілтеме жасап.
Отбасы құрып жатқан ер азамат - Ақтөбе облысының "Харекет" қорының өкілі Нұрболат Елеусізов. Осы уақытқа дейін қайырымдылықпен айналысып, жағдайы нашар жандарға көмек қолын созып жүрген ол үйлену тойында да игі іс жасады. Ол айтулы күні өзіне сыйланған үйдің кілтін жалғызбасты ана Әсияға табыстапты. Әсия өз қамқорлығына балаларынан бөлек, мүгедек екі әпкесі мен ауырып жатқан анасы алыпты.
"Біз жұбайым екеуміз "Харекет" қоры сыйға берген екі бөлмелі пәтерді бізге қарағанда осы пәтерге көбірек мұқтаж Әсиға берсек пе деп отырмыз. "Әрбір әстің қайыры бар" демекші қайырымдылық жасап жалықпайық", - депті Нұрболат Елеусізов пәтердің кілтін табыстап жатқан сәтінде.
Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша "Харекет" қайырымдылық қоры 165 үйдің сыйға тартқан. Ақтөбенің өзінде қайырымды жандар 13 пәтер сыйлап үлгеріпті.