№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ардагерлерге құрмет – елдіктің белгісі

Ардагерлерге құрмет – елдіктің белгісі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң жобасымен толық танысып, бір марқайып қалдым.
"Қарты бар елдің қазынасы бар" демекші, қазақ қашанда ақсақалын ардақтап, қариясын қадірлеп, қартын қазынаға теңеген дана халық емес пе. Кешегі Ұлы майданда ел мен жер үшін қасын қанын төккен батырлардың, өскелең ұрпақ үшін тылда тамшы тер төккен дала майдангерлерінің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету бүгінгі буынның міндеті. Мемлекет тарапынан ардагерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер аз емес. Президенттің Заңға енгізген өзгерістері қазақстандық ардагерлердің санаты кеңейтілгенін ереше атап өтуге болады.
Заңда байқағанымыздай тыл мен соғыс майдангерлері ғана емес, енді басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс-қимылға қатысқан әскери қызметшілер, тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдар, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқандар, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын сезінгендер және өзге де сарбаздардың осы қатарға қосылғанын түсіндік. Сондықтан әскери шенге лайық азаматтардың ардақталуын зор қошеметпен қабылдадық.
Әсіресе Ұлы майданның куәгерлеріне қандай көмек көрсетсек те жарасады. Соғыстан кейін жаңа дәуірге аяқ басқан уақытта еңбек майданын көрген біздерге соғыс қаһармандарының салған ізі өнеге болды. Сол жолды елдік ту етіп, ерен еңбектің бүгін жемісін көріп отырмыз. Сондықтан ардагерлер мен ел қорғаған азаматтарға осылай алғыс айту кеудесінде Отан деп соққан жігіттердің жігерін шыңдайды деп білеміз. Бір сөзбен айтқанда, ардагерлерге көрсетілген құрмет – бұл болашақ елдің елдігін көрсетеді.

Елеусіз СЕЙДЕМЕТОВ,
еңбек ардагері.
07 мамыр 2020 ж. 908 0