Намысты ердің болғаны – бүтін елдің қорғаны
Бұл – осыншама ұлан-байтақ қазақ даласын ұрпағына мұра етіп қалдырған жалын жүрек, жалаңтөс баһадүр батырларымыздың бұлжымас серті еді.
Сол бір ат үстінде ұран сап, жылқы үстінде желдей ескен жауынгерлік рухтың қоламтасын үрлеп, жадымызда жаңғыртып, ерік-жігерімізді шыңдауда, жастарымыздың жасындай лаулап намысты бой түзеуіне бізге қандай идеология, қандай бағыт-бағдар қажет?
Осы тұрғыдан келгенде туған жер тұғырлы азаматтарының болмыс-бітіміне беретін бағамыз қандай? Аға ұрпақ арманына сай салауатты ұрпақ тәрбиелеу бағытында мемлекеттік деңгейде қандай іс- шаралар атқарылып жатыр? Біз осы тақырып аясында Жаңақорған ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Назаров Рамазан Оңласынұлымен әңгімелескен едік. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
– Жаңақорған ауданына келгенге дейінгі өмір жолыңызға аз-кем тоқталып өтсеңіз.
– Онжылдықты бітірген соң КазГУ-дің заң факультетіне оқуға түстім. Жоғары оқу орнының жолдамасымен Петропавл қалалық сотында сот орындаушы қызметіне жіберілдім. 2002 жылдан офицерлік құрамда әскер қатарына алынып, Отарда жауынгерлік борышымды өтедім. Басшылық құрамда саяси істер жөніндегі орынбасары болып 2 жыл 8 ай қызмет атқардым. Онан әрі әскери полиция органына ауыстырылып, тергеу-анықтау бөлімінде түрлі гарнизонда сегіз жыл тәжірибе жинақтадым. 2013 жылдан бастап жергілікті әскери басқару органдарындағы еңбек жолым басталды. Тараз қалалық қорғаныс істер Департаментінде заң кеңесшісі, 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық қорғаныс істер бөлімі бастығы болдым. 2018 жылдың күзінен Жаңақорған аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы болып қызмет атқарып келемін.
– Қазақстанның біраз аумағында қызмет атқардыңыз. Жастарымыздың таным-білігі, азаматтық борышқа адалдық талабы тұрғысында не айтуға болады?
– Азамат – елдің қорғаны дейтін халықпыз. Дүниеге ұл бала келсе бөркі қара қара қазандай болып қуанатын қазекемнің ер азаматты ерекше тәрбиеге алып, ат құлағын бермеген, садақты алыс сермеген тарлан тұлға болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлгені тарихтан мәлім.
Бүгін де осы дәстүрді ұлықтай білсек ұтылмаймыз.
– Мерзімді әскери қызметке шақыру науқанында жаңақорғандық жастардың ынта-ықыласы қандай?
– 2018 жылдың күзіндежәне 2019 жылдың көктемінде әскергешақыру жөнінен жоспарды 100 және 110 пайызғаорындай алдық. Ал 2019 жылдың күзінде ұйымдастырылған науқанда әскерден жалтару жағдайлары көп кездесті. Тікелей бас тарту емес, шақырылған азаматтар медициналық комиссияға тіркеле алмады, өйткені көбі елде жоқ, біразының көрші Ресей елінде жұмысқа кеткені белгілі болды. Ал ата-аналары баласынын әскергебарудан бұрын күнкөріске жарап, ақша тапқанын қолай көретінінібелгілі. Осындай түсініспеушіліктердің салдарынан көп жастарымыз әскер қатарында шыңдалып, солдаттық өмірді қалайтынына қарамастан оған қол жеткізеалмай жүргені де жасырын емес.
– Әскерде кездесіп қалатын әлімжеттік мәселесі де жастар болашағына деген алаңдаушылықты тудырады деп ойламайсыз ба?
– Бүгінде барлық азаматтар әскери борышын өз мемлекетіміздің аумағында өтеп қайтады. Әлімжеттік мәселесінде де қобалжудың қажеті жоқ. Әскери тәртіптілік пен талап тұрғысында көптегенжаңашылдықтар ендірілді. Қазірде барлық орындар бейнебақылау камераларымен қамтамасызетілген. Солдат өмірі жариялы. Кез келген уақытта ата-аналарына барып тұруына жағдай жасалған. Әскери қызметінөтеуші азаматтардың ата – аналаркомитеті жасақталған, оған әрбір ата-ана мүше және арнайы чат арқылы тығыз байланыс орнатып баласының жағдайын қадағалай алады.
Арнайы әскер қатарындаболған азаматтың келешекөмірге бейімделуі анағұрлым белсенді, бойында жасырынған қаншама қабілет-қарымын жарқыратып ашуына да осы мүмкіндікті құр жібермеуге мүдделіболған ұтады. Әскер қатарында жақсы қырымен көзге түскендер мемлекеттікқызметші деңгейінде маман иесі болып толыққандыкәсіби болашағына да негізқаланады.
– Төтеншежағдай кезіндегі мобилизацияжөнінде не айтасыз?
– Мобилизациялық дайындық деген соғыс жағдайында болады, қазіргідей елімізде төтеншежағдайда арнайы дайындыққа жұмылдыру шарасы жүруде. Жергілікті атқару органының арнайы Қаулысымен әскери міндеттілік жасындағы азаматтардан жасақталғанармия төтенше жағдайкезіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау, залалсыздандыру жұмыстарына тартылуы мүмкін еді. Жергілікті жағдайдың тұрақтылығына орай мұндай қажеттілік біздің ауданда туындаған жоқ. Қызылорда қаласында 50 адамды құрағанарнайы дайындық тобы жасақталды. Осы күндері ауданда ерікті түрде жазылуға өздері ниет білдірген азаматтарымызға тек рахмет айтамыз. Ел басына күн туғанда қалқан болуға жарар қайратты азаматтардан кенде емес екенбіз
Елде орын алған Төтенше жағдайға орай биылғы, яғни 2020 жылғы маусым айына белгіленген мерзімді шақыру тамыздың отыз біріне шегерілді. Мемлекет басшысының Мерзімді әскерге шақыру туралы Жарлығына сәйкес2019 жылғы әскери міндетін өтеуші азаматтар елде Төтенше жағдайрежимі аяқталғанша запасқа қалдырылады. Азаматтардың қауіпсіздігіүшін осындай қадамға баруға тура келіп отыр.
Қазірде 9500 әскери қызметіндегілер патрульдік және залалсыздандыру жұмыстарына жұмылдырылуда. Әрине, олардың осы бағыттақаржыландырылуы, азық -түлік, киім-кешек, медициналық сақтандырылуына кепілдік берілген
Казақстан Қарулы Күштерітарихында тұіғыш орын алған бұл жағдайды да шығынсыз, шыдаммен, біртұтас тәртіп пен талап тұрғысында еңсереміз деп сенеміз.
– Жастардыпатриоттық бағытта тәрбиелеуде бөліде қандай жұмыстар атқарылуда?
– Күні бүгін ауруханада жатқан ҰОС ардагері бірліктік, Құрбанов Найманбай атамыздың көңілін сұрап шықтық.
Кешегі күннің тірі куәгерлері – ертеңіміз үшін, соғыстың ертегіемес, шын болған тарих екенін сезінуі үшін қымбат. Осындай тағлымдышараларды арттыруға өте-мөтемүдделіміз.
– Мазмұндысұхбатыңызға рақмет.
Баян ҮСЕЙІНОВА