№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әскери-техникалық мектеп оқуға шақырады

Әскери-техникалық мектеп оқуға шақырады

«Әскери-техникалық мектебі» Қызылорда филиалы базасында өтеулінегізде
әскери-техникалық және басқа да әскери мамандарды даярлау  
бойынша оқуға шақырады.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 16 ақпан 2012 жылғы № 561 Заңының 12 бабының негізінде және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша  әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» ҚР ҚМ 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен  әскери құралымдары үшін әскери оқытылған резервті, әскери-техникалық және басқа да әскери  мамандарды даярлау бойынша  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Әскери-техникалық мектебі» Қызылорда филиалы базасында ақылы негізде әскери-техникалық мамандығы (атқыш) бойынша Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеулі негізде атқыш (стрелок) мамандығы бойынша мерзімді әскери қызмет өткермеген азаматтарды даярлау төмендегі талаптар бойынша жүргізіледі:
Денсаулық жағдайы бойынша жарамды;
Жасы 24-27 жас аралығы бойынша әскерге шақырылушылар;
Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған;
Білімі жоғары, арнаулы-орта,орта;
Оқу өтеулі негізде 263,318 (екі жүз алпыс үш мың үш жүз он сегіз) теңге төлейді (банктің қызмет көрсету құнын есептемегенде);
     Оқу мерзімі 40 күн, оқу аяқталғаннан кейін әрбір азаматқа әскери мамандық алғаны жөнінде сертификат беріледі жәнесол сертификат және мерзімді әскери қызметін өткерген мен теңестірілген  әскери билет беру үшін  негіздеме болып табылады және келісімшарт бойынша әскери бөлімдерде қызмет атқаруына болады.
     Ниет білдірген азаматтарға, Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 21-3-06, 23-4-82 телефоны арқылы хабарласып, толық мәлімет алуға болады.
Жаңақорған ауданының қорғанысістері жөніндегі
 бөлімінің бастығыР.Назаров

ОФИЦЕР ҚАҺАРМАН МАМАНДЫҚ
     2020 жылы қаңтар-наурыз айларында аудандық шақыру пунктінде 17 жасқа толған жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізіліп, келешекте Отанымызды қорғайтын жасөспірімдерді алғашқы әскери есепке алу жұмыстары жүргізілді,  Ата-бабаларымыз осындай кең байтақ даламызды ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен сақтап қалып артындағы өсіп келе жатқан ұрпақтарына аманат еткен. Ата-бабаларымыздың аманат еткен осындай отанымызды қорғау үшін мектеп қабырғасында білім алып жүрген бітіруші сынып оқушыларына болашақта офицер болғысы келетін жасөспірімдерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарастыәскери оқу орындарына оқуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары және орта әскери оқу орындары:

  1.           Құрлық әскерлерінің әскери институты, Алматы қаласы. (11-сыныптан кейін)
  2.  Кеңес Одағының Екі мәрте батыры Т.Ж. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты, Ақтөбе
қаласы. (11-сыныптан кейін)
  • Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы. (11-сыныптан кейін)
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, Щучинск қаласы. (11-сыныптан кейін)
           Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлер медициналық куәландырудан, кәсіби психологиялық іріктеуден, дене даярлығын тексеруден өтеді және математика, физика, Қазақстан тарихы, орыс тілі немесе қазақ тілінен тест тапсырады. Жоғары әскери оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан, оқуға  қабылдау17 жасқа толған, бірақ 21 жастан аспаған және 24 жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар, «Жас-ұлан» республикалық мектебінің және республикалық  әскери мектеп-интернаттарының бітірушілері қабылданады. Әскери оқу орындарына  түсугениет  білдірген азаматтық жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық  ( қалалық) бөлімдерге (басқармаға) арыз береді.
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен («Отан», «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік елігі үшін» медальдарымен) марапатталған адамдар;
      2. жетім балалар, әке- шешелерінің қамқорлығынсыз қалған балалар.
Жоғары әскери оқу орындарына тиімді оқу және сапалы жоғары білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Курсанттар жақсы жабдықталған әскери жатаханаларға орналастырылған, спорт залы, стадион, ату тирі, клуб, далалық оқу орталығы, лазарет, асхана және басқа да қажетті обьектілер бар. Жоғары әскери оқу орындарында оқу мерзімі 4-5 жыл. Жоғары оқу орнына түскен курсанттармен 10 жылға әскери қызметті өтеу туралы келісім- шарт жасалады, жоғары оқу орнынбітіргеннен кейін «лейтенант» әскери атағы беріледі,  әрі қарай әскери қызмет өтеу үшін Қазақстан Республикасының қалаларында орналасқан әскери бөлімдерге жіберіледі.
    Жоғары әскери оқу орындарына ниет білдірген азаматтар болса аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жауапты маманынан қосымша мағлұмат алуға болады.
 Байланыс телефоны: 21-3-06, 23-4-82 ұялы тел: 87752737703, 87074809313.
Жаңақорған ауданының қорғанысістері жөніндегі бөлімі бастығы Р.Назаров
30 сәуір 2020 ж. 727 0