№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантин кезіндегі колледждің қарекеті

Карантин кезіндегі колледждің қарекеті


Ауданда карантин режимі енгізілген тұста дәріханаларда бетперде табу қиынның-қиыны болды. Осындай кезде аудан тұрғындарына сапалы маска тігу ісін Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі қолға алды. Олардың маска тігу жұмысымен танысып, қашықтан оқыту үрдісін көріп қайттық.

Бүгінде колледж теориядан прак­тикаға мән беріп, студенттердің ма­ман­дығына сай тәжірибе жинайтын алаңдар құруда. Соның бірі тігін цехы. Жұқпалы індет әлем елдеріне тарап, медициналық маскаға сұраныс артқан уақытта колледждің тігіншілері іске кірісті. Алдымен колледждің екі маманы Қызылорда қаласындағы «Dalatex» тігін фабрикасына барып, тәжірибе алмасып, маска тігудің қыр-сырына қанықты. Олар білген-көргенін әріптестеріне үйретіп, 8 қабатты көпреттік маска тігуді бастап кетті.
– Бетперде бойынша аудан әкі­мі 12 мың данасына тапсырыс бер­ді. Ауданнан бөлек, Қызылорда қаласындағы мекемелерден де ұсыныс түсуде. Бірақ біз алдымен өзіміздің елді мекенге жұмыс жасауды жөн көрдік. Медициналық маска тігудің өзіндік стандарты бар. Яғни дәкеден бөлек фильтр болуы шарт. Осы талаптардың бәрін сақтап көп реттік маска тігіп жатыр. Оған қажетті 1365 метрді құрайтын фильтр, жіп Алматы қаласынан әкелінді. Колледж ұжымы бұл істі бизнеске айналдырып, табыс табу мақсатында емес, аудан халқының қажеттілігін өтеу үшін қолға алды, – деді Жомарт Абибуллаұлы.
Қазір білім ордасының тігін шебер­ханасында 8 қызметкер бар маска тігуде. Оған өз еркімен келіп көмектесетін қызметкерлер де бар. Біздің бір аңғарғанымыз тігіншілер түскі үзіліссіз жұмыс жасайды. Өйткені күніне 1500-ге жуық бетперде тігу оңай шаруа емес.
«Жұмыс қиын емес, біздегі басты мақсат мүмкіндігінше ертерек берілген межені бағындыру. Мұның соңында адам денсаулығы тұрғанын жақсы білеміз, сондықтан сапалы әрі жылдам қызмет етуге тырысып жатырмыз» – деді өндірістік оқу шебері Сәуле Бегімбетова.
Ұлт саулығы үшін іске кіріскен тігіншілерге жаңақорғандықтардың ықы­­лас-тілегі жоғары. Олар тап­сырыс­тан бөлек, қайырымдылық акция­ларына да атсалысып жүр.
– «Nur Otan» партиясы мен бірлесіп әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін бетперде таратуды бастадық. Жақында 1000 бетпердені 100 отбасыға тегін үлестірдік. Одан бөлек адам көп шоғырланатын, «Халық банк», «Қазпошта», «Аққу» дүкені және өзге де орындарда жүрген тұрғындарды 2000 маскамен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ «Жаңақорған Шипажайында» бақы­лауда жатқан жандарға 800 бетперде бердік. Демеушілікпен полиция қызмет­керлеріне де үлестірдік. Жалпы 5000 маска осы бағытқа бағытталды. Ең бастысы, коронавирустан сақтанудың бірі жолы – бетперденің сапасына байланысты. Сондықтан талаптарға сай тігуді басшылыққа алдық, – деді Жомарт Шауенов.
Аудан тұрғындарын сапалы бет­перделермен қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерді ерекше атап өтуге болады. Тігіншілер Гүлзина Садыбаева, Айымжан Алибекова, Гүлбану Жапбарова, Айсұлу Дайрабаева, Аягөз Алиева, Қарлығаш Найманбай, Әсел Асанова және Айгүл Қалдарбекова бар. Сондай-ақ, көмекші ретінде Маржан Бадирова, Гүлістан Балтабекова, Оразкүл Алдабергенова мен Гүлмира Нақыпбекованың да ерен еңбегі сіңуде.
Колледж директоры оқу үрдісін жете бақылап отыр. Өзі студенттермен интернет арқалы байланысып, қал-жағдайларын біліп, сабаққа белсенді араласуды міндеттеп отыр.
– 16 наурыздан бастап пән педа­гогтары қашықтан оқытуға көшті. Студенттермен үнемі байланыста жұ­мыс жасауда. Қашықтан оқыту біздің оқу орны үшін көп қиындық тудырған жоқ. Ата-аналармен де байланысып тұрамыз. Бірақ кейбір елді мекендерде интернет желісінің қосылуы өте нашар. Өздеріңіз білетіндей Қосүйеңкі мен Көктөбеде интернет жоқ. Тұрмыстық жағдайы төмен 11 отбасының балалары компьютермен қамтылды. Яғни колледж базасындағы технологиялар уақытша пайдалануға берілді. Сабақ барысына күнделікті мониторинг жасалады. Студенттердің үлгерімі мен қатысуы үнемі қадағаланады, – деді директор.
Қашықтықтан білім беру жүйесін біз енді ғана жаңалық етіп енгізіп жатсақ, озық елдер бұл үрдісті қолданысқа енгізгені қашан. Яғни технологияның дамыған заманында онлайн жүйенің де тиімділігі арта түскенін аңғару қиын емес.
– Қашықтан оқыту ұстаздар мен студенттерге еш кедергісін келтіре қойған жоқ. Өйткені оқу жылының басынан «College SmartNation» платформасы білім беру бағдарламасына енгізілген. Қазіргі уақытта колледж бойынша 558 студент болса, соның 300-ден астамы осы портал арқылы қашықтан білім алуда. Қалғаны іс-тәжірибесінде. Ең бастысы, қашықтықтан оқыту еш кедергісін келтіріп жатқан жоқ, – дейді директордың орынбасары Талғат Шарап.
Колледж ұстаздары қашықтықтан оқыту жүйесін меңгеріп, сапалы білім беруге мән бергенін түсіндік.
Міне колледждегі бір күндік қызмет осылай өрбуде, ең бастысы еткен еңбектің еленуі емес, соның жемісін ел көрсе, істің жемісі осы. Сондықтан Жомарт Шауенов басқарған ұжым сабақ беруден ғана емес, сауапты іс атқарудан үлгі көрсеткені қуантады.

Әли Темірбек
30 сәуір 2020 ж. 639 0