№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еліме қосар үлесім

Еліме қосар үлесім

Жұқпалы аурудың алдын алып, ұлт саулығына үлес қосу мақсатында Райля Исаева да өз тігін шеберханасында  бетперде тігуді алғашқылардың бірі болып қолға алды. «Нұр» базарының ішінде аядай ғана бутикте өз кәсібінен несібесін тауып отырған зейнет жасындағы ісмер дәкеден бетперде тігеді.
– Тігіншілікті қолға алғаныма он жылдан асты. Ал базар ішінен жалға орын алып, кәсібімді кеңейтуге мән бергеніме 4 жылға жуықтады. Дәкеден маска тігу ойыма кіріп шықпады. Алғашында таныстарыма ғана тігіп бердім. Солар арқылы ұсыныс түсіп, тапсырыстар саны көбейді. Жақында жұмыспен қамту орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің тапсырысын бітірдім. Енді аудандық прокуратураның  тапсырысын орындаймын, – дейді Райла апа.
Қасында ІІ топ мүгедегі Эльмира Искакованы жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер күніне 30 маскадан тігуде. Оған Түркістан қаласынан да тапсырыс беріпті. Атырау, Ақтау қаласынан түскен тапсырыста маскаға ою-өрнек салып тігуді өтініпті. Дегенмен белгісіз телефон нөмірімен звандап, қоқан-лоқы көрсететіндер де бар екенін жасырмады тігінші.
Лаура Бибасарова

21 наурыз 2020 ж. 1 235 0