№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күніне 500 дана маска тігуді жоспарлауда

Күніне 500 дана маска тігуді жоспарлауда

Коронавирустің дауасы әлі табылған жоқ. Бірақ сақтанудың жолдары бар. Ол – үйде оқшалану. Сыртқа шыққан жағдайда масканы киіп шығу маңызды. Сондықтан тәжтажалды жеңбей маскаға сұраныс артпаса, төмендемейтіні ақи­қат. Осындай жағдайда жақсы іске бастамашыл болатын адамдар болады. Бұл қатарда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің бастамасын жоғары бағалау керек. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов колледждегі тігін цехына игілікті істің бастамасын көруге арнайы барды. Білім ордасының басшысы Жомарт Шәуеновтің ізденісін құптаған тігіншілер маска тігуге кірісіп кеткен.
– Қазір ғалымдар вирустың емін іздеуде. Бірақ сақтық шараларын күшейтіп, алдын алу жұмыстарын қолға алу керекпіз. Сіздердің аудан тұрғындарын маскамен қамтамасыз етеміз деген бастамаларыңыз өте құптарлық жағдай. Мен толығымен қолдаймын. Істеріңізге сәттілік, – деді аудан басшысы.
Айта кететіні, колледждің екі маманы арнайы Қызылорда қаласындағы «Dalatex» тігін фабрикасына барып бір күн тәжірибе алмасып, маска тігудің қыр-сырына қанығады. Олар білген-көргенін әріптестеріне үйретіп, күніне 500 дана маска тігуді жоспарлауда. Нарықтағы сатылымы – 150 теңге. Ауданнан бөлек, Қызылорда қаласындағы мекемелерден де ұсыныс түсуде екен.
– Жұқпалы аурудың алдын алып, ұлт саулығына үлес қосу мақсатында колледждің тігін шеберханасында бетперде тігуді қолға алдық. Оған толықтай мүмкіншілік жасалған. Дәкеден 8 қабатты көпреттік пайдаланатын маска тігіп жатыр. Енді бір екі күннің ішінде дәке арасына қажетті фильтрді салып, дайын мединалық масканы тігіп шығаратын боламыз. Оған қажетті 1365 метрді құрайтын фильтр Алматы қаласынан әкелінеді. Колледж ұжымы бұл істі бизнеске айналдырып, табыс табу мақсатында емес, аудан халқының қажеттілігін өтеу үшін қолға алған, – деді директор Жомарт Шәуенов.
Аудан тұрғындарына арналған медициналық масканы шығаруды бастаған колледж ұжымына сәттілік тілеген ел ағасы Алшынбай Тұртанов: «Халықтың мұқтажын өтуге бағытталған іс сауапты болады. Істерің оңынан болсын!», – деп тілегін білдірді.
Айта кететіні, бүгіннен бастап кенттегі дәріханалар колледждегі медициналық маскаларды алып, сатылымға шығарды.
Мұндай игілікті істі кент тұрғыны Райла Исаева да қолға алды. «Нұр» базарындағы аядай бутикте тігін тігетін тігінші алғашқылардың бірі болып маска тігуді бастап кетті.
– Тігіншілікті қолға алғаныма он жылдан асты. Ал базар ішінен жалға орын алып, кәсібімді кеңейтуге мән бергеніме 4 жылға жуықтады. Дәкеден маска тігу ойыма кіріп шықпады. Алғашында таныстарыма ғана тігіп бердім. Солар арқылы ұсыныс түсіп, тапсырыстар саны көбейді. Жақында жұмыспен қамту орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің тапсырысын бітірдім. Енді аудандық прокуратураның  тапсырысын орындаймын, – дейді Райла апа.
Қасында ІІ топ мүгедегі Эльмира Искакованы жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер күніне 30 маскадан тігуде. Әр данасын 250 теңгеден сатады. Оған Түркістан қаласынан да тапсырыс беріпті. Атырау, Ақтау қаласынан түскен тапсырыста маскаға ою-өрнек салып тігуді. Дегенмен белгісіз телефон нөмірімен звандап, қоқан-лоқы көрсететіндер де бар екенін жасырмады тігінші.
Үнемі жақсылықтың жаршысы болып, қайырымдылық жасаудың үлгісін көрсетіп жүретін «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры, «Qamqor» әлеуметтік дүкені мен аудандық «Нұрлы шуақ» қыздардан құрылған ұйымның ұйытқы болуымен маска тігу ісі қарқынды жүруде. Қоғамдық қор құрамындағы кәсіпкер жігіттердің қолдауымен маска шығаруға арналған шикізат қоры алынып, 300-ге жуық 8 қабат дәкеден тігілген медициналық маска «Нұр» базарының тұтынушылары мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы мүшелеріне тегін таратылды.
– Сұраныс артты. Біз жұмысты одан ары жалғастыруға ниеттіміз. Маска тігуге көмектесеміз деген еріктілер болса мархаббат, бізге қосылуға болады. Тұрғындардан сұрарым, сабырлы болайық. Әрбір қиындықтың артында жеңіс пен жетістік тұрады, – деді қоғамдық “Жаңарған Жаңақорған жастары“ қоғамдық қорының директоры Еркінбек Айнақожаев.
Лаура БИБАСАРОВА
22 наурыз 2020 ж. 753 0