№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандағы агроколледж ұжымы маска тігуді қолға алды

Аудандағы агроколледж ұжымы маска тігуді қолға алды

Қазір нарықта медициналық маскаға сұраныс жоғары. Бірнеше ай бұрын 30-50 теңгеден сатылған маска дефицит өнімге айналды. Табылған жағдайда 150-200 теңгеге аласыз. Аудан тұрғындарын маскамен қамтамасыз етуде не істеу керек? Оның жолы бар ма? Осының мән-жайын білу мақсатында маска шығаруға ниетті колледж ұжымымен кездестік. Мұны аудан әкімі Сұлтан  Мақашов та қаперге алды. 
Коронавирустің дауасы әлі табылған жоқ. Бірақ сақтанудың жолдары бар. Ол – үйде оқшалану. Сыртқа шыққан жағдайда масканы киіп шығу маңызды. Сондықтан тәжтажалды жеңбей маскаға сұраныс артпаса, төмендемейтіні ақи­қат. Осындай жағдайда жақсы іске бастамашыл болатын адамдар болады. Бұл қатарда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің бастамасын жоғары бағалау керек. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов колледждегі тігін цехына игілікті істің бастамасын көруге арнайы барды. Білім ордасының басшысы Жомарт Шауеновтің ізденісін құптаған тігіншілер маска тігуге кірісіп кеткен.
– Қазір ғалымдар вирустың емін іздеуде. Бірақ сақтық шараларын күшейтіп, алдын алу жұмыстарын қолға алу керекпіз. Сіздердің аудан тұрғындарын маскамен қамтамасыз етеміз деген бастамаларыңыз өте құптарлық жағдай. Мен толығымен қолдаймын. Істеріңізге сәттілік, – деді аудан басшысы.
Айта кететіні, колледждің екі маманы арнайы Қызылорда қаласындағы «Dalatex» тігін фабрикасына барып бір күн тәжірибе алмасып, маска тігудің қыр-сырына қанығады. Олар білген-көргенін әріптестеріне үйретіп, күніне 500 дана маска тігіп шығаруда. Ауданнан бөлек, Қызылорда қаласындағы мекемелерден де ұсыныс түсуде екен.
– Жұқпалы аурудың алдын алып, ұлт саулығына үлес қосу мақсатында колледждің тігін шеберханасында бетперде тігуді қолға алдық. Оған толықтай мүмкіншілік жасалған. Дәкеден 8 қабатты көпреттік пайдаланатын маска тігіп жатыр. Енді бір екі күннің ішінде дәке арасына қажетті фильтрді салып, дайын мединалық масканы тігіп шығаратын боламыз. Оған қажетті 1365 метрді құрайтын фильтр Алматы қаласынан әкелінеді. Колледж ұжымы бұл істі бизнеске айналдырып, табыс табу мақсатында емес, аудан халқының қажеттілігін өтеу үшін қолға алған, – деді директор Жомарт Шауенов.
Аудан тұрғындарына арналған медициналық масканы шығаруды бастаған колледж ұжымына сәттілік тілеген ел ағасы Алшынбай Тұртанов: «Халықтың мұқтажын өтуге бағытталған іс сауапты болады. Істерің оңынан болсын!», – деп тілегін білдірді.


Лаура БИБАСАРОВА
21 наурыз 2020 ж. 1 480 0