№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қашықтан оқыту – уақыт талабы

Қашықтан оқыту – уақыт талабы


Адами капиталдың дамып, тәуелсіздіктің нығаюында орта білім беру жүйесінің орны зор. Сондықтан карантин кезінде де білім беруді жүйелі ұйымдастыру маңызды. Сындарлы сәтті қашықтан оқыту қалай жүргізілуде. Алдымен соған жауап берсек.
2020 жылдың 16 наурызынан бастап COVID-19 пандемиясына байланысты елде төтенше жағдай жарияланды. Ондағы мақсат – вирустың таралуының алдын алу және шектеу. Осыған сай аудан бойынша білім беру ұйымдары төртінші оқу тоқсанын қашықтан оқуға көшті. Қазір 42 мектепте қашықтықтан оқыту форматында жүргізілуде.
2020 жылдың 26 наурызынан бастап қашықтан оқыту үрдісін ұтымды ұйым­дастыру мақсатында аудандағы барлық мектеп директорлары мен оқу ісі жөнін­дегі орынбасарларына қашықтықтан оқытудың мән-жайы түсіндіріліп, арнайы семинар өткізілді. Әр мектептің қашықтан оқыту үрдісіне дайындығы сараланып, жауапты мамандар бекітілді. Қашықтан оқытуды бақылау және тиімді жүргізу мақсатында WhatsApp желісінде ортақ чат құрылып, директорлармен онлайн режимінде күнделікті байланысқа шығу жолға қойылды. Бұл – Білім және ғылым министрлігі тарапынан келген бұйрықтар мен нұсқаулықтарды талқылап, түсіндіріп отыруда тиімділігін дәлелдеп отыр.
Аудандағы 42 мектепте 1-11 сынапта 17777 оқушы білім алуда. Жалпы отбасы саны – 8259. Барлық оқушылардың отбасылық жағдайының әлеуметтік картасы жасалды, осының негізінде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларына білім беру ұйымдарындағы компьютер, планшет құрылғылары уақытша пайдалануға берілді. Атап айтқанда, мектептер тарапынан берілген компьютер мен планшеттер саны – 835 құрайды.
Барлық мектептерге қашықтықтан оқыту процесін онлайн режимінде оқыту міндетті емес екендігі, сабақ кестесі бойынша нақты бір уақытта ғана оқушының қатысуын талап етпеуі, әр оқушыдан кері байланыстың мүмкіндігіне қарай алынуы қажет екендігі түсіндірілді. WhatsApp желісінде және онлайн режимінде 2 сәуір күні барлық білім беру ұйымдары ата-аналарымен жиналыс, 3 сәуір күні оқушылармен сынып сағаттарын өткізіп түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. 
Аудан бойынша барлық 2587 мұға­лімнің қашықтықтан оқытуға мүмкіндігі толық бар, техникалық құрылғылары жеткілікті. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулықтар және қашықтықтан оқытуға «Bilimland», «Daryn online», «Күнделік кз» және т.б онлайн платформаларды қолдану, қосылу, тіркелу жөнінде әдіс­темелік көмек берілді. 
2020 жылдың 31 наурыздағы Білім министірінің №123 бұйрығы және 8 сәуірдегі №135 бұйрығы білім беру ұйымдарына таныстырылды, ондағы қашықтықтан оқыту процесінің жүргі­зіліуі, төртінші тоқсанның басынан бас­тап заңнамада белгіленген тәртіппен оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша нақты нұсқаулықтар берілді.
Интернет жылдамдығы төмен елді мекендер Қосүйеңкі және Көктөбе ауылы «Балапан» арнасы арқылы білім алуға мүмкіндігі толық бар. Көктөбе ауылында 71 отбасы, ондағы оқушылар саны – 134, Қосүйенкі ауылы 92 отбасы, ондағы оқушылар саны – 204. Ондағы оқушылардың сапалы білім алуына байланысты жауапкершілікті толық сезінеміз. Ол үшін директорлармен күнделікті байланысқа түсіп отырмыз. Телеарна арқылы тақырыпты меңгеріп, телефон немесе курьер арқылы кері байланысқа шығып үнемі бақылауда ұстап отырмыз.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар үшін ақпарат алуға CALL орталықтары құрылып, мектептің ресми сайттарында және facebook парақшасына орналастырылды.
Өзім де facebook-ғы аккаундым арқы­лы аудан тұрғындарымен кері байланысқа түсіп, толғандырған сұрақтарына жауап беріп, білім беру процесіне қатысты жаңалықтар мен жаңашылдықтар жайлы бөлісуді жолға қойдым.
Жалпы қашықтан білім үрдісі жай­лы сөз еткенде жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігін айтпай кетуге болмас.
Жаңартылған бағдарламаның басты ерекшелігі, білімгерлерді мына өзгермелі әлемде бәсекеге сай ақпаратпен қару­ландырып, жаңашылдыққа бейімдеу өзі­нің ойын еркін айта алатын, өздігінше шешім қабылдай алатын, өзі ізденіп, қажетті білім көздерін еркін пайдалануға бейімдейтін жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Жаңартылған білім бағдарламасының екінші артықшылығы, оқушы білімін бағалау жиынтық нәтижеге бағытталады. Оның күнделікті сабақтағы белсенділік деңгейін, бағдарламасын қаншалықты игергенін электрондық журнал арқылы ата-анамен бірлесе сараптауға мүмкіндік туады.
Бұл дегеніңіз, оқушы білімін алу­мен қатар, оны өмірге пайдалануға бағыттайды. Бұл жерде ұстаздың шығар­машылық әлеуеті де, тақырыпты жан-жақты игеруі маңызды. Аудан бойынша 2587 педагог қызметкері бар. 2018 жылдан бері Назарбаев зияткерлік және т.б біліктілікті арттыратын орталықтарда білімін шыңдап, жаңартылған оқу бағдарламасын меңгерген ұстаздар қатары жыл өткен сайын артып келеді.
Қазіргі цифрланған қоғамды ақпа­раттық технологиясыз елестету мүмкін емес. Бүгінде робота-техника саласы өте қарқынды дамып келеді. Ал ақпараттық техника мамандарын мектеп қабырғасынан бастап дайындау қажет. Қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету қолға алынды. 30 мектепте робо­техника кабинеті жасақталды. Мұнда арнайы сабақ өтіліп, оқушылар робот техникасымен танысады. 2020-2021 оқу жылында 12 мектеп робототехника кабинетімен жабдықталып, барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз қамтылатын болады.
Адами капиталдың негізі – білім беру саласы, оның ішінде, мектептер десек, заманауи технологиямен қам­тамасыз ету өте маңызды. Біз сондай арттықшылықтарға қол жеткізіп келеміз. Бірнеше жыл бұрын мультимедиялық сыныптар жасақтап, физика, химия және биологиялық тәжірибелік кабинеттер құрылды. Ең бастысы, «Н1 – ТД75» маркалы интерактивті панель орнатылды. Физика бағыты бойынша №163, №167, №168, №169, №194, №224, №242 және №110 мектеп-лицейіне орнатылды. Интерактивті панельдер №51, №55, №52, №125, №163, №192, №209 және №110 мектеп-лицейінің химия кабинетіне қойылды. Ал, биология бойынша №51, №53, №125, №169, №213, №245, №3 мектеп-интернатына берілді. Бұл мектептерде білім мазмұнын жаңарту бойынша оқыған мұғалімдер пәндері бойынша сапалы мәліметтермен жұмыс жасай алуына мол мүмкіндік туып, жаңартылған білім берудің мазмұнын арттыра түсті.
Экономиканың дамуына үш түрлі капитал үлес қосады. Бірінші – табиғи капитал, екінші – физикалық капитал, үшінші – адами капитал. ХХІ ғасырда мемлекеттің өркендеу өрісін кеңейтуде үшіншісі басымдыққа ие болып, зияткерлік активтермен өлшенетін адами капиталды білім беру жүйесінде дамыту қолға алынды. Бұл үрдіс қашықтан оқыту кезінде де маңыздылығын жоймайды. Яғни білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру негізгі басымдықтың бірі екені анық. Біз осыны жауапкершілігін сезініп келеміз.
Болат ИБРАГИМОВ,
аудандық білім
бөлімінің басшысы
25 сәуір 2020 ж. 1 096 0