Біз Президентпен бірге бәрін жеңеміз
Жаһан жұртына тараған коронавирус індеті Қазақстан Республикасын да айналып өтпеді. Күн сайын вирусты жұқтырғандар саны артып, аумағы кеңейіп келеді. Осындай сындарлы сәтте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты халықты рухани һәм материалдық қолдаудың тиімді тетіктерін қабылдады.
Ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмыссыз азаматтарға, өз-өзін жұмыспен қамтығандарға және т.б санаттағы адамдарға ең төменгі жалақы деңгейіндегі 42500 теңгені беруін ұтымды шешім, халықшыл бастама ретінде бағалау керек. Карантин жағдайында үйіне тығылған тарыққан мыңдаған азаматтар керек-жарағын алып, мемлекеттік шынайы қолдауын сезінді. Жаңақорған ауданында жәрдемақыға қол жеткізген адамдар жүздеп саналады.
Президенттің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыттаған бастамасы бұрын-сонды болмаған шешім. Мұндай игілікті істің игілігін біздің ауданның тұрғындары сезінуде. Жаңақорған ауданыда 26 кент және ауылдық округтедегі 1000-нан аса отбасыға 15 млн. теңге көлемінде азық-түлікпен қамтылды.
Біз Президенттің мемлекетшіл бастамаларын қолдаймыз. Біз Президенттің мемлекетшіл бастамаларымен қиындықты жеңетін боламыз. Біз қиындықты еңсере аламыз. Ол үшін барлық шаралар атқарылуда.
Азия ҚЫСТАУБАЕВА,
Жаңақорған ауданының мәслихат депутаты, Қызылорда облыстық "Ұрпақтан ұрпаққа" қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиал төрайымы
Жаңақорған ауданының мәслихат депутаты, Қызылорда облыстық "Ұрпақтан ұрпаққа" қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиал төрайымы