Еріктілердің елге жасап жатқан игі істерін азаматтық борыш деп қарауымыз керек
"Жаңақорған тынысы" Коронавирустың ауқымы күн өткен сайын кеңейіп келеді. Енді сақтық шараларын қатаңдау керек. Әсіресе вирусты жұқтырғандарды оқшаулау маңызды іс. Бірақ карантин режиміндегі азаматтарға мән беруді ұмытпау керек.
Алдымен бақылаудағы тұрғындардың ахуалын білмес бұрын аудан әкімінің ұсынысымен «Жаңарған Жаңақорған жастары» еріктілерінің жұмыла жасап жатқан бастамаларын сөз етсек. Сын сағатта жығылғанға сүйеу бола білетін ел азаматтары мақтауға әбден лайық. Шыны керек, еріктілердің елге жасап жатқан игі істерін азаматтық борыш деп қарауымыз керек. Қиын-қыстау сәтте кәсіпкерлерді ортақ іске ұйыстырып, ақ халаттылар мен құқық қорғау қызметкерлеріне және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды рухани қолдап, материалдық тұрғыда қол ұшын созуда.
Ауданда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты белсенді азаматтар барлық сақтық шараларын сақтай отырып, ірі қара малын құрбандыққа шалды. Сосын 17 отбасыны ет және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Осы қайырымдылық акциясын қолдап, бірқатар кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға көмектессек деген ниеттер білдірді. Содан Данияр Досантаев бастаған ерікті жастар қайырымды жандармен бірлесіп 11 отбасыға күнделікті қажетті азық-түлікті үлестіріп шықты. Одан бөлек карантинде бақылауда болатын дәрігерлер мен медбикелер, техникалық қызметкерлерге сый-сияпат жасап, көңілдерін демеп қойды.
– Аудан әкімінің ұсынысымен басталған бастаманы ерікті жастардан бастап барлық кәсіпкерлер қолдау көрсетуде. Қысыл-таяң уақытта жомарттық танытып жүрген жаңақорғандық ағайынға алғыс білдіреміз. Аурухана мен «Жаңақорған Шипажайында» қызметте жүрген ақ халаттыларға 110 000 теңгеге азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөніс үлестірді. Карантин уақыты біткенше аудан азаматтары осы істі қолдауға дайын. Бұл істен мешіттердің намазхандары қалыс қалмауда. Жақында «Құмсахаба» мешітінің жамағаты қайырымдылықты жалғады. Біз індетті бірге жеңеміз, – деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Иә, ел еңсесі түскен шақта жомарт жүрегінен мейірімділік танытқан кәсіпкерлер мен ел ағалары мен жастардың қызметі көңілге қуаныш ұялатты. Аудандық мәслихат депутаты Арман Мәжитов кәсіпкерлердің есімін елге жеткізуді жөн санады.
– Бақытжан Тасболатов, Изатулла Үсенов, Серік Мырзабаев, Ғазиз Әйтілеуов, Баян Божбанбаева, Ахметжан Сүндетұлы, Сейітқожа Мұстафаұлы қиналған жандарға қол ұшын созып, демеу болды. Өзге азаматтарды да осы іске дем беруге шақырамыз, – деді депутат.
Аудан бойынша «COVID-19» вирусын жұқтырғандар саны – 16. Оларға тиісті ем-дом жасалуда. Ал олармен байланыста болғандар «Жаңақорған Шипажайында» АҚ ғимаратында бақылауда. Осы ретте, шипажай директоры Бақытжан Аманкелдіұлына көпшілік алғысын білдірді. Мұндай азаматтық шешімді әркім қабылдай бермейтіні анық.
Ал соңғы күндері «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорына көмек сұрап хабарласушылар қатары тым көбейген. Қоғамдық қордың шамасы барлығына бірдей жете бермейді. Оның себебі де түсінікті, қордың демеушілері жергілікті жомарт азаматтар. Сондықтан тұрғындар түсіністікпен қарап, өз кезегін күткені абзал.
Біз арнайы сауықтыру орталығына барғанымызда ондығылардың ренішін де естідік. Төрт қабырғаға қамалғандарға сабыр керек. Алла оларға қиындықты сабырмен жеңуді жазсын.
– Қазір барлық ем алушылардың жағдайы қалыпты. Он төрт күн болғандар үйіне жіберіледі, сондықтан аз ғана уақыт шыдамдылық танытса болғаны. Қуанарлығы олардан індеттің белгілері табылмады. Енді үйіне барғандары қоғамнан оқшауланып, үйден шықпаса, – деді ауданның бас мейірбикесі Тұрғаш Данеева.
Әли ТЕМІРБЕК