№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42 мың теңгені қалай алуға болады?

42 мың теңгені қалай алуға болады?


Төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмысынан айырылғандарға берілетін 42 мың теңгені қалай алуға болады?

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы шығады. Сол жерде төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік төлемдердің берілу ережесі көрсетіледі. Қайталап айтамыз, бұл төлемдер "Әлеуметтік сақтандыру" мемлекеттік қорынан төленеді. Төлем екі түрлі болады. Бірінші, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға, оның көлемі айына - 42 000 теңге. Бұл ұсақ шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға 3 рет жасалған болуы қажет. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек, - дейді министр.

Оның айтуынша, төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. Екінші түрі - жұмыстан шығып қалғандарға қатысты.
Олар төлемдерді бір айдан алты айға дейін алады. Төлемдердің көлемі айлықтың 40%-ін құрайды. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Мұндай төлемдермен біз 1,5 миллион адамды қамтамасыз етеміз, - дейді Дәурен Абаев.

Бек ТӨЛЕУОВ
29 наурыз 2020 ж. 1 027 0