№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 42500 теңгені кімдер, қалай алады?

42500 теңгені кімдер, қалай алады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде 42500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырды. Енді табысынан айырылған азаматтар өтінімді «Электрондық үкімет» порталы немесе Telegram-бот қосымшасы арқылы бере алады. Мұның қалай жүзеге асатынын аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрғанбекұлынан білдік.

Үндеуде мәлім болғандай бұл қол­дауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Сонымен қатар тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүге­дектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі. Жалпы 3 миллионға жуық қазақстандыққа қолдау көрсетіледі.
Қасым-Жомарт Кемелұлы көмекті белгіленген тәртіп бойынша мұқтаж адамдарға ғана берілу керектігін қатаң тапсырды.
Орталық басшысы ең төменгі жа­ла­қымен теңестірілген әлеуметтік көмек қай санаттағы азаматтарға тағайын­далатынын айтып берді.
– Төтенше жағдайға байланысты табы­­сынан айырылған азаматтар. Олар­ға жеке кәсіпкерлер және сонда жұмыс жасайтын қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылар кіреді. Карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъек­тілерінің қызметкерлері де жа­тады. Жеке практикамен айна­лысатын нотариус, жеке сот орын­даушысы, адво­каттар және кәсіби медиаторлар және келісімшарт бойынша жұмыс жасайтындар, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгенге дейін өзін-өзі жұмыспен қамтып кемі бір ай әлеуметтік төлем жасағандар алады. Тағы бір санаттағы азаматтар өзін-өзі жұмыспен бейресми қамтушылар, яғни бірыңғай жиынтық төлем жасамағандар алуға мүмкіндігі бар. Аталған санатқа жататын аудан тұрғындары 42 500 теңге әлеуметтік көмекті алады. Ал декреттік демалыста отырғандар бұл санатқа кірмейді. Алайда сол отбасында табысынан айырылған жандар болса, әлеуметтік төлемді міндетті түрде алады, – деді Жаңабек Тұрғанбекұлы.
Осы орайда, мемлекеттік көмекті алуға қалай өтінім береміз деген сауал туындайтыны анық.
– Ауыл тұрғындары үшін электрондық үкімет порталында өтінім берудің қиындықтары бар. Соған байланысты Telegram-бот қосымшасы арқылы өтінішті ұялы телефон көмегімен беру іске қосылды. Ол үшін ұялы телефонға қосымшаны жүктейсіз. Әрі қарай Telegram-ға кіріп «EgovKzBot2.0» іздеп тауып «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайсыз. Келесі қадам деректерді толтырып жібересіз.
Ал әлеуметтік төлем жасамайтын азаматтар, Еңбек министрі айтқандай, бейресми түрде жұмыс жасаған қандай бір жарна немесе салық аудармаған такси, бала күтуші және басқа да азаматтар 42 500 теңге көмекті алу үшін алдымен тіркелу қажет. Ол үшін бірыңғай жиынтық төлем ауылдық елді мекендерге почтадан 122 кодына 1325,5 теңге төлем жасауы міндетті. Немесе банк қосымшалары арқылы төлем жасауға болады. Одан кейін 3 күн арасында өтініш беріп, мақұлданса әлеуметтік көмекті ала алады, – деді ол.
Маманның сөзіне сүйенсек, бұл төлем ақысыз еңбек демалысына шық­қандарда тағайындалады. Ал кезекті ақылы еңбек демалысындағылар мұндай көмекке жатпайды.



Майра ӘБДУӘЛІ
04 сәуір 2020 ж. 1 021 0