№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Роботтар адамға айнала ма?

Роботтар адамға айнала ма?


Адамзат өміріне робот технология дендеп енді. Газеттің 11 сәуірдегі №27 нөмірінде Мақпал Марқабай «Роботтар адамды басқара ма?» атты мақаласында жан-жақты жазды. Расында автор жазғандай, медицина, білім беру, журналистика, ғарышты зерттеу, қызмет көрсету және т.б салада роботтар қызмет көрсетіп, адамдардың орнын алмастыра бастады.

Бәрі қалай басталды? «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қаты­суынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрді. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс» деген мағынаға ие.
1927 жылы Нью-Йорк қаласында амери­калық инженер Д.Уэксли дүние­жүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсетті. Бірақ оның роботы қарапайым ғана қимылдарды орындайтын.
77 жыл бұрын американдық жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңы турасында жазады. 1948 жылы американдық ғалым Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдайды. Содан бері робот техниканы жетілдіру жұмыстары бір сәтке тоқтаған емес.
Бүгінде коммерциялық және индус­триалдық робот өндірісі қарқынды дамығаны соншалықты адамды алмас­тыра алатын жасанды интеллект иелерін жасауға кірісті. Тіпті биотехнолог ғалымдар тірі жасушалардан алғашқы роботтарды шығаруды жолға қойды. Содан болар жасанды интеллектердің танымалдылығы артып келеді. Бұл роботтар адаммен түрлі қатынасқа түсе алатынын айтады. Қазір Жапония мен Қытайда әйелдің орнын алмастыратын роботтарға сұраныс артты.
София есімді робот бірнеше тілді еркін меңгерген. Ол адамдармен ашық пікір алмасып, газет-журналдарға сұхбат беріп, ел назарына ілікті. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында қызмет ететін Юнко Чихира роботы да бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Ең қызығы, адамдар сияқты ренжи алатын, таңғалып, күлетін роботтар да бар. Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальман мен Хенрик Шарфтың прототип робот соның айғағы.
Расында робот-профессор, робот-хирург, робот-агроном, робот-журналист көріп, естіп жүрміз. Енді роботтар адамға айналса таңғалмаймыз, таңданбаймыз. Себебі 2030 жылы Жапонияның Үкіметін роботтар басқарады деген болжам бар. ВВС-тің зерттеуінше, болашақта 366 мамандық иесі роботтарға орын беретіні айтылады. Міне, осындай деректерге қарап, «Роботтар адамды алмастыра ма?» деген сауал сананы тұмшалайды...
Әрине Қазақстанда робот технология қарыштап дамуда дей алмаймыз. Жасанды интеллект жасауда Жапония, АҚШ, Қытай, Еуропа елдері ашық бәсекеге түсті. Тіпті роботтар адаммен ашық бәсекеге түсе бастады.
...Бүгінде мектеп қабырғасында робот-техника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйретеді. Жыл басында ауылдағы мектептерге де робот курстар барды. Қуанышты жағдай. Енді ауыл балалары роботты бағдарлаудың, құрас­тырудың әліппесін меңгереді. Ауылдағы ұстаздарының біліктілігін арттырып, робот технологиясына қажетті жабдықтармен қамтыса заманауи салаға қызығатын, баратын жастар шоғыры қалыптасып келеді. Аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының ұйыт­қы болуымен, аудандық білім бөлімінің қолдауымен тұңғыш рет «Zhanakorgan Robotics-2019» атты аудандық робототехника чемпионатында соған куә болған едік.
Бірақ бізде робот жасау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлемей, бәрі мектептік деңгейде қалатыны анық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
22 сәуір 2020 ж. 790 0