» » Covid-2019: Сақтанудың жолы қандай?

Covid-2019: Сақтанудың жолы қандай?


Дүйім дүниені дүрліктірген коронавирус ғалам тұрғындарының үрейін алып, үйіне қамады. Індеттің қоздырушысы вирустың әлсіз түрі болғанымен, пандемия деп жарияланды. Енді одан сақтану жолдары бар ма? Біз осыған жауап іздегенді жөн санадық.
Covid-2019  вирусы адам ағзасына тез бейімделіп, алдымен адамның тыныс алу жолдарына әсер етсе, одан кейін ас қорыту, жүйке жүйесін зақымдайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамнан адамға түшкіргенде немесе сөйлегенде, қарым қатынаста болғанда (амандасу, сүйісу т.б) жұғатынын ескертуде. Індетпен ауырған адамда құрғақ жөтел пайда болады. Мұрыннан су ағады. Тамағы жыбырлайды. Температура 38 градустан жоғары болып, тыныс алу қиындап, ауа жетіспеушілігі сезіледі. Адамның көкірек тұсы мен басы ауырады. Денеде ауырсыну байқалады. Әлсіздік белең алып, өкпе ұлпаларының жұмысының бұзылуынан адам естен танып қалады.
Қазіргі уақытта сақтанудың жалғыз жолы – «ҮЙДЕ ОТЫРУ».
Ал індеттен қалайда сақтанамын десеңіз төмендегі сақтық шараларын ұстанған абзал.
– Қолды кемінде әр жарты сағат сайын 20 секунд сабындап жуу. Ал микроптарды өлтіруге антисептиктің көмегі зор екенін де ескеріңіздер. Осы ретте медициналық спиртті де қолдануға болады. Егер оған аллергияңыз болса санитайзерді пайдаланыңыз.
– Түшкіргенде не жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен жауып, оны жабық контейнерге тастаңыз да қолыңызды жуыңыз.
– Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға, аузыңызға тигізбеңіз. Өйткені бұл мүшелер вирустың «кіріс қақпасы» саналады.
–Жөтел, жоғары темпаратура болса адамдардан өзіңізді аулақ ұстаңыз.
– Адам көп жиналатын қоғамдық орындар мен той-томалаққа бармай, үйде отырғаныңыз өзіңізге жақсы.
–Адамдармен қол алыспай, жай ғана бас изеп амандассаңыз ол әдет өміріңіздің кепілі.
– Іссапардан бас тартып, саяхатты шектеңіз.
– Үйдің терезесін жиі ашып, желдетіп тұрыңыз.
– Қоғамдық көліктіжиі пай­даланбаңыз.
– Қолма қол ақшадан бас тартып, төлемді банкомат арқылы жасасаңыз.
– Жануарлардан да аулақ жүріңіз.
– Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып тұтыныңыз.
– Температура көтеріліп, жөтел қысып,тыныс алу қиындаса дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
– Иммунитетті нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыз бен дәруменге бай минералды заттарды мейлінше көбірек пайдаланыңыз.
– Ең бастысы көшеге шыға қалсаңыз басқаны ұмытсаңыз да, масканы ұмытпаңыз. Бұл да көмек құралы.
Осы сақтық шараларын ұстану арқылы, біріншіден, өзіңізді, екіншіден, айналыңыздағы адамдарды жұқпалы вирустан сақтайсыз. Бұл қадамды ұлт мүддесіне қосқан үлесім деп ойлап, азаматтық парыз санасаңыз, қауіптің сәл де болса таралмауына септігіңіз тиетіні анық.

Лаура БИБАСАРОВА
01 сәуір 2020 ж. 486 0