№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Соңғы жылдары мал тұқымын асылдандыруға ден қойған жаңақорғандық малшылар қауымы сырттан асыл түлік сатып алғаннан гөрі өзіміздегі «Асыл түлік» республикалық орталығынан ұрықты сатып алып, қолдан ұрықтандырудың әлдеқайда арзан, әрі пайдалы екендігін түсінді.

  Соған қарамастан өзімізде асыл тұқымды мал қорын жасақтау үшін «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында шет елден мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алу жоспары 375 бас болса, бүгінгі күнде «Заман-Ата» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан 99 бас асыл тұқымды қалмақ қашарын сатып алды. Сонымен қатар дара кәсіпкер «Есімова С» облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алып 100 бас асыл тұқымды қашар сатып алуға, «БарысАгро» ЖШС мен «Байқоңыр» ӘК бірлесіп 200 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуға жұмыс істеуде.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының аясында қой сатып алу жоспары 7800 бас болса бүгінгі күнде облыстық ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры арқылы 161 020,0 мың теңге несие алынып 5330 бас қой сатып алуда. Жоспар, 68 процент орындалып отыр. Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қорында 10 шаруашылықтан 2200 бас қой сатып алуға несие алу үшін өтінім тапсырылған.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Сейфолла Әбдіреймов 80 жылдығына арналған «Ауыл шаруашылығы ғылымы: озық тәжірибелер, жаңашылдығы мен болашағы» атты конференцияда мал тұқымын асылдандырудың тиімділігі жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе малдың аналығын қолдан ұрықтандырудың шетелден асыл тұқымды түлік сатып әкелуден әлдеқайда тиімді болатыны айтылды.
Етті ірі қара мал шаруашылығында қолдан ұрықтандыруды мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғарылауы ауыл шаруашылық малдарының ұдайы өсуін ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты.
2019 жылдың мамыр айында ауданда 70 558 бас мүйізді ірі қара, 269 174 бас– қой, 25 550 бас – ешкі, 17 755 бас – жылқы, 1609 бас түйе, 22 250 бас құс есептелген. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 107,2, қой – 110,9, ешкі – 105,3, жылқы – 112,1, түйе – 103,9, құстар 111,7 пайызға өскен. Аудандағы асыл тұқымды жануарлардың үлесі мүйізді ірі қарада – 4,1 процент, жылқыда – 10,1 процент, уақ мал қой – 23,4 процент құрап отыр. Өнімділікті арттыруда төрт түлікті асылдандыру маңызды. Осы бағыттағы Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ-ның басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Болатхан Махатовтың пікірі көкейге қонады.
Ғалымның айтуынша, қазір біздің қолда ұстап отырған малымыздың басы бар да, өнімі де төмен. Республикада бес-алты жыл бұрын ғана кең ауқымдағы селекциялық жұмыстар басталды. Малдың 70 пайызы жеке меншіктің қолында тұр. Қазір ет-сүт өңдеу зауыттары көптеп ашылып жатыр. Соларды етпен, сүтпен қамтамасыз ететін қолдағы малы барлар. Ендеше, біз осы жекенің малдарының сапасын көтеруіміз керек.
– Жаңақорған ауданына сүтті сиырларын әкеліп, бірге жұмыс жасап жатырмыз. Табиғи тұрғыда ұрықтандыру 25-30 дан асапаса ал, қолдан ұрықтандыратын болсақ, бір асыл тұқымды бұқамен он мыңнан астам қашарды қашыруға болады. Бұдан көп экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік бар. Қолдан ұрықтандыру кезінде аналық семіз әрі дайын болуы тиіс. Ветеринардың шеберлігі мен біліктілігі, жемшөптің молдығы да қосымша фактор болады. Сонда ғана біз табысқа жете аламыз, – дейді ғалым Б. Махатов.
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі, академик, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдрахман Омбаев:
– Шетелден «Герефорд», «Аббердин», «Шароле», «Гертруда», «Обрак» атты етті бағыттағы сиырлар әкелініп жатыр. Біз реті келсе ТМД аумағын қарастырып көрсек, арзанға түседі. Қазір Жаңақорғанда Сырдария бойында Қалмақ сиырлары жерсініп кетті. Мұнымен Зұлпыхар Сыздықов деген азамат айналысып жатыр. Бұл Қалмақ тұқымды сиырлар төлін қасқырдан да өзі қорғай алады. Мұны көрші шаруашылықтарға беріп, тұқымын көбейткеніміз жөн. Біз шетелдік малға көп сұқтана бермей, мейлінше ауа райымызға төзімді, ғасырлар бойы сұрыптаудан өткен өз малдарымызға көбірек ден қойғанымыз абзал, – дейді.
Ғалымдардың тілімен айтқанда, қолдан ұрықтандыру ірі көлемді селекцияның ұйымдастырушылық-техникалық негізі ретінде, өнімділігі жоғары өндіруші аталықтарды кең көлемде пайдалану есебінен, өнімділік көрсеткіштері төмен малдардың сапасын жақсарту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі таңда етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығының асыл тұқымдық базасын құру мақсатында, шетелдерден етті бағыттағы тұқымдардың өнімділіктері жоғары малдарын біздің елімізге алып келіп, репродукторлық шаруашылықтар құру бойынша инвестициялық жобалар іске асуда.
Селекционер мамандардың алдына қойылып отырған міндеттердің негізгісі – шетелдерден әкелінген асыл түліктердің генетикалық әлеуетін сақтай отырып, оны дамытуды одан сайын жақсарту. Сонымен қатар қолдан ұрықтандыру арқылы жеке қолдағы малдарды да асылдандыруға барынша қолқабыс ету. Бұл бағытта ірі қара мал шаруашылығында малдарды селекциялау жұмысы өндіруші бұқалар арқылы жүргізіледі. Себебі малдарды асылдандыру шаруашылықтарында өндіруші бұқалардың сапасын бағалап, қатаң сұрыптаудан өткізеді. Малдардың жалпы генетикалық көрсеткіштерін жақсарту кезінде өндіруші бұқаның қосатын үлесі 80-90% ды құрайды. Себебі бұқалардан, сиырларға қарағанда анағұрлым жоғары ұрпақ алынады. Осы себептерге байланысты, ірі қара мал шаруашылығын үдемелі дамытудың негізгі элементі болып – сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру болып саналады. Ірі қара мал шаруашылығында сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандырудың тиімді аспектілері болып саналатын бес мәселе бар.
Біріншіден, сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру кезінде өнімділіктері жоғары, өте құнды өндіруші бұқалардың ұрықтарын неғұрлым кең көлемде пайдалануға мүмкіндік туады. Осыған байланысты сиырлардың асыл тұқымдық және өнімділік көрсеткіштерін өте тиімді және аз уақыт аралығында жақсартып алуға жол ашылады. Сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы селекциялық жұмыстың қарқынын басқа әдістермен салыстырғанда 2-3 есеге жоғарылатуға болады екен.
Екіншіден, қолдан ұрықтандыру, белгілі бір мал табынының генетикалық көрсеткіштерін есепке ала отырып, соған сай келетін өндіруші бұқаны таңдап алуға үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Үшіншіден, қолдан ұрықтандыру әдісі, малдарды ерікті қашыру кезінде таралатын жыныс жолдарының жұқпалы ауруларынын алдын алады.
Төртіншіден, экономикалық жағынан да қолдан ұрықтандыру әдісі өте тиімді болып саналады. Себебі бұл әдіс бұқаларды күтіп бағуға жұмсалатын шығындардың көлемін бірнеше есеге дейін азайтады.
Бесіншіден, қолдан ұрықтандыруды пайдалану, табындағы малдарды алғашқы зоотехникалық есепке алу және асыл тұқымдық есеп жүргізу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.Осы себептерге байланысты, Қазақстан Республикасында, болашақта ірі қара малдың асыл тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту бағыттары бойынша іске асырылатын, етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту тақырыбындағы селекциялық стратегия – ол сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру арқылы, өндіруші бұқаларды неғұрлым көбірек пайдалануға бағытталуы қажет.

Ескендір ЕРТАЙ

10 шілде 2019 ж. 1 718 0