№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАҢА ЖЫЛДА СӘБИЛІ БОЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР

ЖАҢА ЖЫЛДА СӘБИЛІ БОЛҒАН ЖҰЛДЫЗДАР



Жаңа 2018 жыл сүйінші жаңалықтармен басталды. Өнер саласында жүрген бірнеше әйел сәбилі болды деп жазады  "Жұлдыздар әлемі" парталы.
Солардың бірі "Қазақстан аруы-2011" байқауының жеңімпазы, бірнеше жыл бұрын Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Айнұр Төлеуова екінші сәбиін дүниеге алып келді. Жары Мұхаммед пен Айнұр енді бір ұлдың және бір қыздың ата-анасы.
Жыл басында танымал қобызшы, Қайрат Нұртастың бөле әпкесі Ақерке Тәжібаева да ана атанды. Тұңғышының есімін Айкөркем деп қойғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Ақеркенің продюсері әрі әпкесі Гүлзира Үсенқызы қуанышпен бөлісіп, қыздарының есім қою рәсімі бұйырғанын жазған болатын.
12 қаңтар 2018 ж. 1 440 0