№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржы ілгері іске икемделуі қажет

Қаржы ілгері іске икемделуі қажет


Қаржы механизмі – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Осыны басты назарға алған әрбір өңір қазына қаражатының ең тиімді әдіспен игеруді мақсат етеді. Біздің қаржы игерудегі қауқарымыз қандай? Қай бағытқа көп қаражат қаралды? Ортақ игілікке икемделуге тиіс қаражат өз мақсатына жетті ме? Осы секілді қаржылық сауалдарға аудан әкімдігінің мәжілісінде өткен жиында жауап алдық.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлім­дер басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Басқосуда аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Қасқабаев 2019 жылдың экономикалық дамуын және 2020 жылға бағытталған жоспарын ортаға салды.
Ол хабарламасында ауданда салық түсімдері мен қаржы бөлінуінің жай-жапсарына тоқталды. Өткен жылдың цифрын сөйлетсек, жүз пайыздан асыра орындалған бюджеттік түсім шамамен 2253599,4 мың теңгеге жетті. Салықтан 2205710,3 мың теңге, салық емес түсімнен 25208,0 мың теңге түсті. Инвестициялық капитал – 27638,0 млн теңге, республикалық бюджет – 3102,3 млн теңге, жергілікті бюджет – 1548,5 млн теңге, кәсіпорындар мен халық қаржысы – 21553,9 млн теңге, қарыз қаржы – 1432,7 млн теңгені құрайды.
Қаражат игерудің маңызды бағыттарына ойыссақ, құрылысқа 5262,0 млн теңге, ауылшаруашылығына 18042 млн теңге, өнеркәсіп өндіруге 78261,6 млн теңге, білім беру саласына бойынша балалардың ыстық тамағына 172392,0 мың теңге берілген. Сондай-ақ, 12 мектепті газдандыруға қажетті қаржы 29240,8 мың теңге құрайды.
Ахметқали Қасқабаев қаржының қомақты бөлігі жұмыспен қамту, жастар саясаты және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмсалғанын түсіндірді.
«Тас құмыра тамшыдан толады» дегендей халықтың қаражатын қасықтап жинап, ілкімді іске бағыттау қаржы бөлімінің негізгі міндеті. Мәжілісте сөз алған қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков қаржы үлестіру жайын айтты.
Оның мәлімдеуінше, 2020 жылдың 1 қаңтарында 36897,6 мың теңге салықтан түскен. Републикалық және облыстық бюджеттен 19432050,0 мың теңге трансфеттеледі. Ал, барлық ауылдық округ өз қаражатын дұрыс бағыттауға кіріскен.
Осы жиында игерілмей тұрған қаржылардың да мәселесі айтылды. Осы қаражатқа қатысты алдағы уақытта ең маңызды салаға бағытталатыны түсіндірілді.
Мәжілісте өз жұмысын қорғаған бөлім басшыларының баяндамасын тыңдаған аудан басшысы Сұлтан Мақашов «жаттанды цифрларды сөйлетуден» гөрі қаржыға талдау жасап, зерттеп-зерделеуге баса көңіл бөлу қажеттілігін айтты. Оған жыл басында Президент Қасым-Жомарт Келемұлының пәрмені де себеп.
–Пайызбен сөйлеуді қыс­қар­тып, саралап-талдап сөйлеу – жұмысты әлде қайда жеңілдетеді. Өзіңе де, өзгеге де түсінікті, еркін ұғындыру қажет. Міне, біздің алдымызда осындай талаптар тұр. Ол үшін жұмыстың ең маңызды мәселелерін айқындап алып, жүйелі жұмысты көрсете білу қажет, – деді аудан басшысы.
«Бізге ең алдымен не қажет?», «Қайтсек, салыққа да, халыққа да тиімді болады», «Кәсіпкерлердің санынан сапасын қалай арттырамыз», осы секілді мәселерге тереңінен талдау жасауды тапсырды. Сондай-ақ, цифрларды біріздендіру үшін Жаңақорған ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Жаңақорған ауданы бойынша статистика басқармасы, Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен кент және ауыл әкімдері бірлесе отырып жұмыс жасауын назарда ұстайтынын жеткізді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
04 наурыз 2020 ж. 780 0