№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жіберілген кемшіліктер сараланды

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жіберілген кемшіліктер сараланды

2019 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен алдағы міндеттер және жылу маусымына дайындық барысы аудан әкімі төрағалық еткен жиында қаралды. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жіберілген кемшіліктер сараланды.
Алғашқы мәселе бойынша эконо­мика және бюджеттік жоспарлау бөлі­мінің басшысы Ахметқали Қасқабаев баяндама жасады.
– 2019 жылдың қаңтар-тамыз айында жергілікті бюджет 162,3 процентке игерілді. Салықтық түсім­дер 114,2 процентке орындалып, түскен қаржы 192096,6 мың теңгеге артты. Ал салықтық емес түсімдер 143,2 процентке орындалды, негізгі капиталды сатудан түскен түсім 286,1 процентті құрады. Жыл соңына дейін болжам толығымен орындалады, – деді бөлім басшысы.
Енді салалар бойынша жоспардың орындалу деңгейін талдасақ. Алды­мен құрылыс саласынан бастасақ, негізгі орындалуы тиіс құрылыс жұмыстары сегіз ай­дың қорытындысы бойынша 47,3 процентті құрады. Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арқылы 8 айда мемлекеттік бюджеттен 44 129, 868 теңге қаржы игерілді. «Саяжай» учаскесіндегі тұр­­ғын үйлердің инженерлік-комму­ника­циялық инфрақұрылымын салу, электр және жылумен жабдықтауға республикадан 7 605,8 теңге қар­жы игерілген. Кенттегі №169 Н.Илялетдинов атындағы білім оша­ғы жыл соңына дейін іргетасы қаланып, келер жылы пайдалануға беріледі. Мектеп 600 орындыққа арналған.
Ауыл шаруашылығы саласында серпілістер бар. Әсіресе Президент берген негізгі міндеттеменің бірі – инвестиция тарту бойынша нақты көлемінің индексі 110 процентке жоспарланып, қазір бұл көрсеткіш 6 есеге артты. Сол секілді егін шаруашылығының көлемі артып, төрт түліктің саны өскен. Кәсіпкерлер саны артқанымен, салық түсімдері төмен. Осыған байланысты аудан басшысы ауыл әкімдері мен сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Өнеркәсіп өнімдерін өңдеу, өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 90 процентке жетпеген. Яғни 100 проценттік меженің 88,5-і ғана орындалды. Оған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірісті арттыруға немесе демпинг жасауға негіз жоқ деген шешім шығарғаны әсер етті. Уран өндірісінің көлемі азайды.
2016-2020 жылға арналған даму бағдарламасы негізінде капиталға инвестиция тартудың деңгейі төмен. Бұған басты себеп қорғасын-мырыш кенін өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ кен байыту фабрикасының уақытында басталмауының себебі бар.
Денсаулық сақтау саласы бойынша биыл ана өлімі тіркелмегенімен, бала өлімінің саны 11-ге жетті. Білім сала­сында нәтижелі жұмыстар бай­қалды. Апаттық және үш ауысымды мектептер толық шешімін тауып келеді. Балабақша 100 процент қамтылған. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша да жүйелі жұмыстар бар. Ауданішілік жолдар мен Шалқия кентіне апарар жолдар жөндеуден өтіп қойса, енді Қосүйеңкі, Екпінді ауылдарына апаратын жолдар реконструкцияланады.
Жұмыспен қамтуға келсек, жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыс­пен қамту орталығына 191 адам хабарласса, соның 76 проценті жұмыс­қа орналасты. Оның ішінде, тұрақты жұмыс, әлеуметтік, жастар практикасы және қоғамдық бойынша жұмысқа орналасты.
Жұмыссыздықты азайтуға байла­нысты аудан әкімі мамандықты талап етпейтін қызметке кез келген жұмыссыз тұрғынды кезексіз алуды міндеттеді. Яғни, ондай тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына жіберіп әуре сарсаңға салмай, жұмысқа қабылдау керектігін айтты. Өйткені, қазір жұмыспен қамту орталығында неше жылдан бері тіркеуде болға­нымен, жұмыс таба алмай жүргендер көп.
Келесі кезекте аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар жә­не азаматтық хал актілерін тіркеу бөлі­мі басшысының орынбасары Серік Өмірбек атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама жасады.
– 2019 жылға 2916 отбасыға атау­лы әлеуметтік көмек ретінде республикалық және жергілікті бюд­жеттен, сондай-ақ ұлттық қордан 171 5607,0 теңге қаралған. Қазіргі таңда 3119 отбасына шартты қаржылай көмек берілді. Алайда, қайта көптеген шикіліктер орын алуда, – деді жауапты маман.
Мәселен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бары­сында жіберілген кемшіліктерді жою барысында 130 178,4 теңге үнемделген. Оның ішінде, 92 отбасы комиссияның қайта қарауына жібе­рі­ліп, 32 отбасына көмек беру тоқ­татылды. Өз еріктерімен 70 отбасы көмек алудан бас тартса, табысын жасырған және кедейшілік шегінен асып кеткен 16 отбасы көмектен қол үзді. Екінші тоқсанда 140 отбасының табысы асып кетуіне байланысты 44100,0 теңге тоқтатылды. Жыл соңына дейін қалған үш айға 742714,3 мың теңге қажеттілігі анықталды.
Аудан әкімі әлі де жұмысты жүйелеп, тұрғындарға ұғынықты тіл­мен түсіндіруді тапсырды. Ең бастысы, заң жүзінде орындалуын талап етті. Мәжіліс соңында Сұлтан Мақашов әрбір бөлімге нақты тапсырмалар жүктеп, ай сайын атқарған жұмыс­тарының есебін алатынын ескертті.

Әли ТЕМІРБЕК.
28 қыркүйек 2019 ж. 1 285 0