№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Даубалаевтың дара жолы

Даубалаевтың дара жолы


Ұстаздық салада жүргеніне 30 жылға жуықтаған Бектұрған Жұрынбайұлы аудандағы үздік тарих пәні мұғалімдерінің көшін бастап тұр. 2017 жылы осы тұғырдан көрінген мұғалімнің шәкірттері бүгінде республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жеңіспен оралып жүр. Сондықтан №195 мектеп-гимназия тарих пәнінің педагогы Бектұрған Даубалаевтың тағылымды жолын өнеге етпекпіз.


Абай Құнанбаевтың: «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» деген ұлағаты өміршең екен. Мектепте оқып жүргенде Тілеубай Ақпанбетовтың тәрбиесін алып, білімін бойына сіңірген кейіпкеріміз ұстаз болуды мақсат тұтып, осы салаға бет бұрады. Тарихшы әңгіме басын осыдан бастады.
– Бала кезде бәріміз түрлі саланың тізгінін ұстауды армандадық. Тілеубай ұстазымның жүрген жолы, көрсеткен өнегесі бізге өмірлік сабақ болды. Мектеп бітіре салысымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Төрт жыл тарих пәні мамандығын бітіріп, қызмет жолымды өзім әріп таныған мектептен бастадым. Міне, содан бері 27 жылдан астам уақыт ауыл балаларының білім алуына өз үлесімді қосып келемін, – деді ол.
Өздеріңізге белгілі, №195 мектеп-гимназиясы Жайылма ауылында орналасқан. Республикаға қарбызымен танымал ауылдан түлеп ұшқан жастар бүгінде бір-бір саланың тізгінін ұстап, елге қызмет етіп жүр. 1984, 1990 және 1994 жылы туылған ауыл балаларына алты жыл жетекшілік етіп, жақсы тәлім алуына мейірімін төккен Бектұрған ағайдың мәртебесі педагог-сарапшы. Ұстаз қашан да ізденіс үстінде жүруі тиіс, деген қағиданы жанына берік ұстаған ол үш айлық курс, оның ішінде «Өрлеу», «педагогикалық шеберлік», жаңартылған білім бағдарламасы аясындағы оқыту-семинарлардан толық өтіпті.
– Бектұрған Жұрынбайұлының оқушыларының жетістігі мектеп мерейін асырып жүргені көңілімізге қуаныш ұялатады. 320 оқушы тәлім алатын біздің мектептегі әрбір мұғалімге қояр талап біреу. Ол – сапалы білім, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Міне осындай жауапкершілік жүгін арқалап, еңбек етіп жүрген ұстаздың шәкірттерінен үлкен үміт күтеміз. Бүгінгідей білім бәсекесі қалыптасқан алтын уақытта Бекеңдей ұстаздар қажет-ақ, – дейді мектеп диркторы Жанат Жүсіпова.
Ұлағаттты ұстаздан білім алатын оқушылары соңғы жылдары ғылыми жобаларға көбірек көңіл бөле бастады. Мәселен, Әли Мәди есімді 11 сынып оқушысы тарих пәнінен аудан және облыстан жеңімпаз атанып, республикалық байқаудан 3-орынға қол жеткізді. «Менің кіші отанымның тарихы»атты тақырыбында өз жобасын қорғаған Мәдидің ғылыми жұмысына облыстық «Дарын» орталығы жоғары бағасын берді. Одан бөлек, 10 сынып оқитын Аружан есімді шәкірті тарих пәнінен облыстық олимпиададан 3-орын алған.
– ХХІ ғасыр – білімнің алтын дәуірі деп бекер айтылмаған. Қазіргі оқушылар білім алуға құштар. Көп ізденеді, ақпаратты тереңнен зерделейді. Әрине, бұл ұстаздардың жемісі деуге болады. Шынында қазір оқушылар ғылыми жобалармен айналысуға көбірек мән береді. Президент Жолдауында сапалы білім беруге басымдық беріп, жастарды осы бағытта тәрбиелеуге пәрмен берді. Өйткені, келешек елдің дамуы білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан оқушыларды барынша білім нәрімен сусындатуға тырысамыз, – деді ұстаз.
Бүгінде 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған әкенің жолын балалары жалғап келеді. Екі ұлы мен екі келіні осы саланың тізгінін ұстауға бел буыпты. Мұғалімдер династиясы қалыптасып келе жатқан шаңырақтан келешекте ауылға шырақ болатын шәкірттер шықпасына кім кепіл? Ең бастысы, білімді ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан ұстаздың қызметіне ауылдастарының көңілі толады. Бедел биігінен көрініп жүрген педагогтан шәкірттер алатын тәлім мол. Біз осыны сұхбат барысында аңғардық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

19 ақпан 2020 ж. 544 0