№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Музейдегі тағлымды шара

Музейдегі тағлымды шара


Жауқазын жастық шағының жарқын кезеңінде жауынгерлік борышты өтеу міндеті жалын мен отқа оранып, саяси соғыспен шатылған Ауған жеріндегі сұрапыл апатта сынақтан өткен сарбаздар атақ-даңқ үшін емес, тыныштықты қорғаймыз, соғыс өртін өшіреміз деп қанды қырғының ортасынан бір-ақ шықты. Он жылға созылған сұрапыл соғыста бөтен елдің мүддесін қорғаған азаматтардың арасында жаңақорғандық жауынгерлер де болды.

Қандай атаулы күнді болмасын құр жібермей мәртебесін айшықтауға ұмтылатын аудандық музей ұжымы осы жолы да қадамдарынан жаңылыспады. Олар Кеңес Одағының әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ауқымды шара ұйымдастырып, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.
Тарих парағында жазылып қалған қанды шайқаста қайтыс болған жауынгер, жерлесіміз Мұхтар Нұрымбетовты бір минут үнсіздікпен еске алған жас өрендер ауған ардагерлері Серік Азнабаев пен Пәзілбек Сегізбаевты тік тұрып қарсы алды. Ардагер жауынгерлер мектеп оқушыларымен кездесу барысында қанды қырғында бастан кешкен оқиғарымен бөлісіп, сонау сын сағатында қару асынып, бейбіт заман үшін ел қорғаған ер азаматтардың  күндіз-түні кірпік қақпай шекара күзеткенін айтқанда еріксіз көзіңе жас аласың.
Иә, он жылға созылған шалғайда болған соғыста қаза тапқан жерлестеріміздің есімі еш ұмытылмайды. Өйткені олар ерліктің нағыз үлгісін көрсете білді. Туған жерінің, елінің абыройын асқақтатты. 
– Соғыстың үлкен-кішісі болмайды. Әр соғыстың өз қасіреті бар. Ауған соғысы зардабы көп, көптеген шаңырақты шайқалтқан, өрімдей жастар оққа ұшып, табытпен оралған зұрматты кезеңнің бір көрінісі. Жастығын ала кеткен жайсаңдарымыз бүгінгі еліміздің қарыштап дамып, өскенін көре алмады. Айналайын балаларым, от пен оқтың ортасынан аман-сау келген мен сендерге тек қана жақсылық пен сәттілік тілеймін,– деді Серік аға.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттің мән-маңызын түсінетін жаны да тәні де таза, білімді , патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген сөзін осы отырған патриот ағаларымыз сол кезде өз іс-амалдарымен, азаматтық болмысымен орындады. Өйткені қазақ деген халық қашаннан батылдық пен батырлықтың иесі, қажет болса Отан үшін оттан да қорықпайтынын тарих беттері дәлелдеген. Ал тарихты ешкім өзгерте алмайды.
Отты жылдардағы өмір жолынан сыр шерткен Пәзілбек аға да оқушыларға көрген-білгенімен бөлісті.
– Таудың ортасында болған қырғын соғысқа тап болғанымызда не болғанын да ұқпай қалдық. Жүрегімізде Отан үшін деп соққан  патриоттық сезім нық.  «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген сенім де мықты еді. Туған жерге аман-есен оралғанда ерлік жасадық-ау деп ойлаған жоқпыз. Тек кіндік қанымыз тамған жерге аман келіп, ағайын-бауырмен қауышқандағы қуанышымызды айтып жеткізу мүмкін емес. Алайда майдандас достарымыздың да бейнесі көз алдымызда. Олар үшін жылда осы күні құран бағыштап, орталықтағы алаңда орналасқан ескерткішке тағзым жасау біздерге парыз, – дейді сол күндерді еске алғанда әлі де жүрегі жылап тұратынын жасыра алмаған аға. Осы сәт ағалардың  майдандас достарына деген сағынышын да  сезіндік.
Одан әрі шара барысында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, естелік суретке түсті. Кеш соңын музей директоры Нәбихан Шалапов қорытындылады.
– Зұлмат соғыстың аяқталғанына отыз бір жыл өтсе де зардабы ешкімнің жүрегінен ұмытылмайды. Соғыс салған жара жазылмайды. Алайда болашаққа нық қадам басу үшін өткенімізді өшірмей, тыныш та бейбіт заманда өмір сүру үшін барымызды салуымыз керек. Ауған жерінде атыс пен шабысты көзбен көріп, ерлік туын жықпай, елге аман оралғанғандарыңыз мына отырған оқушылар үшін батылдық пен ерліктің ерен үлгісі. Арамызда  жүздеріңіз жарқын болсын, – деп алғысын айтып, сияпат көрсетті.

Лаура БИБАСАРОВА
15 ақпан 2020 ж. 593 0