Оқушылар білім шыңында
"Оқу, білім -жанған шырақ ойласаң" -деп Ж.Аймауытов айтқандай қазіргі таңда білім -адам өміріндегі аса қажет құндылықтың бірі болып отыр. ХХІ ғасыр - ғылым мен білімнің ғасыры атанды. Заман өзгерді, талап өзгерді. Бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен білім керек.Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде республика көлемінде жалпы пәндер бойынша олимпиада өтеді. Бірнеше кезеңнен тұратын бұл олимпиада да оқушылар бар білімін салып, жүзден жүйрік шыққаны республика көлемінде бақ сынасады.

"Шәкірті зейінді келер,
Ұстазы бейілді болса" дегендей осындай шәкірттер дайындаған ұстаздарға алғыс білдіре отырып, жүзден жүйрік шыққан оқушыларымызға қанаттарың талмай, алар асуларың биік болғай дегіміз келеді.