№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесарықтың жастары

Бесарықтың жастары


Мұнан кейін қатпар-қатпар Қаратаудың баурайына қоныс тепкен Бесарық ауылдық округіне аялдады. Атауы тарихы терең өзен арналарымен байналыстырылған бүгінгі Бесарық ауылының болашағы баянды. Келешегі кемел. Нарыққа бейімделіп, төскейге төрт түлігін жайып, бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Қысқасы, дала дидарының тұмса табиғатын осы қоныстан табасыз.
Ауылдың ең басты жаңалығының бірі – Бесарық ауылдық клуб үйі 2019 жылы облыстың «Ең үздік клуб үйі» номинациясының иегері атанған. Оған қоса, №54 орта мектебі соңғы жылдары ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысымен ауданда бірінші орында, облыста ең үздік мектептің қатарында.
Тұрғындар жеке кәсіпкерлікті қолға алған ауылда 173 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оларға «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы «Сыбаға» және «Игілік» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара және уақ мал басын көбейту мақсатында 6 шаруа қожалығы мен 9 жеке кәсіпкер 63.5 млн теңге көлемінде Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 1 кәсіпкер 3.0 млн теңге несие алды. Сондай ақ, 18 азамат 8.1 млн теңге қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін бастады.
Бесарықтықтардық ең басты мәселесі инфрақұрылымдық «Бесарық су қоймасы». Әлеуметтік нысан құрылысы аяқталса, аяқсу мәселесі шешімін тапса, егіншілікпен айналысатын халыққа қолбайлау болмасы анық.
Электр желілерінің тозғандығы бесарықтықтарға ғана тән мәселе емес.
2020 жыл округте атқарылар жұмыстар да жетерлік. Бесарық ауыл­­дық округіне қарасты Кеңес елді мекенінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жаңа 150 орындық клуб үйінің құрылысы басталады. Сондай ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша балғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.
Тұрғанбек Жайынбаев, ауылдық округ ардагерлері кеңесі мен қоғамдық кеңес төрағасы:
Ауыл экономикасы жылдан жылға дамып келеді. Жұмыссыздық мәселесі де оңынан шешімін тауып, тұрғындардың тірлік етуге деген ықыласын кәсіпкерлік саласы ынталандыруда. Бүгінде ауылда 370 ардагер бар. Бұдан бөлек, қоғамдық кеңесте күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылап, әкімге дер кезінде ұсынып отырамыз. «Бірлескен істе береке бар» демекші, әкімдік қызметкерлері де қариялардың ақылына құлақ асып, өзекті түйіннің оң шешімін табуға жұмыс жасайды. Бір сөзбен айтқанда, ауылдың ынтымағы мығым, тірлігі тындырымды. Тек ерінбей еңбектене білсең, екі қолға бір күрек табылады.
29 қаңтар 2020 ж. 557 0