№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Серіктестің серпіні

Серіктестің серпіні


Жаңақорған – бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Жазиралы жайылымы төрт түлікті түлетіп һәм төлдетуге таптырмайтын жер. Дала дидарының тұмса табиғатын осы қоныстан табасыз. Содан болса керек, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының орындалу барысы бойынша аудан облыста көш бастап тұр. Аудан көлемінде соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытуда нәтижелі жұмыстарға қол жеткізілді. Атакәсіпті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың да алар орны айрықша. Осындай мемлекет қолдауын сезініп, қарекет жасап отырған шаруашылықтың бірі қыркеңселік – «Бекарыс Агрофуд» ЖШС. Жаста болса, бас болып серіктестікке төрағалық етіп жүрген Серік Мырзабаевты сөзге тартттық.
– Қазіргі таңда «қимылдағанның қыр асатынын» елдің бәрі біледі. Сондықтанда тірліктің көзін тауып, шаруаның тетігін тапса жұмыс жүйелі жүреді. Мемлекет пен жеке меншік әріптестік аясында Қызылорда облысының әлеуметтік-экномикалық өркендеуін қолдайтын «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан» демеу қаржыға асылтұқымды мал басын алдық. Бүгінгі таңда мүйізді қараға басымдық берудеміз. Қазір 550 бас сиыр бар. Оның 200-і жергілікті ауа-райына төзімді «қалмақ» тұқымдас сиыры. Алдағы уақытта Алматы және Жамбыл облысынан да қалмақ сиырын алып келу жоспарда бар. Жалпы, шаруашылықта 1200 бас қой бар – деді серіктестік төрағасы.
Сәтін салса, атакәсіпті арқау кеткен қыркеңселік шаруа ет өнімдерін тек жергілікті жерде ғана саудаламай, алыс-жақын шетелге шығару жоспарында бар екенін жеткізді. Бастамасы кісі қуанарлық.
– Сондай-ақ жылдың аяғына дейін «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 25 млн. теңгеге модульді мал сою бекеті орнатылады. Сол арқылы етті Кедендік Одақ және Еуропа елдеріне экспорттау жоспарда бар. Бірінші кезекте, малдың басын көбейтіп алып, сосын желілік дүкендер арқылы өткізудің жолын іздестіреміз. Өйткені, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 60-қадамында: «Ет және ет өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар таратудағы негізгі міндет, үш жыл ішінде ТМД елдері нарығында шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортты қамтамасыз ету, ауылда кооперативтік өндірісті дамыту арқылы шетелдік үлгілерді ұйымдастыру туралы» пәрмен берген болатын. Сол үшін ауылда атакәсіпті өрістету ісіне ден қойдық. Мал бордақылау кәсібі ауылдағы ағайынға таптырмас тірлік. Әрі үйреншікті жұмысы. Бұқараның жанынан табылған мемлекет қолдауына біз қашанда ризамыз, – дейді Серік Мырзабаев.
Иә, Елбасы жыл сайын халыққа арнаған Жолдауында ет және сүт өнімдері экспорты әлеуетін арттыруды жүктеуде. Әзірге «Бекарыс Агрофуд» ЖШС ішкі нарықты игеріп, мал бордақылау кәсібіне әбден маманданып алғанша ауыл-аймақ пен аудан орталығын ет өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарға қойған. Соңыра, кәсібін кеңейтіп, алыс-жақын шетелге ет экспорттау жоспары бар. Десе де, бұл серіктестіктің мақсаты айқын. Ол – атакәсіпті арқау еткен ауылдағы ағайынның ахуалын тіктеу. Яғни, қолдау қаржы арқылы «екі қолға бір күрек тауып», ауыл әлеуетінің артуына ықпал ету. Межелі мақсатта кезең-кезеңімен орындалу үстінде.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
11 мамыр 2018 ж. 1 148 0