Сунақата несімен мақтана алады?
Ауыл әкімдерінің 2019 жылы атқарған жұмыстары төл басылымда жарияланды. Сонда да ауыл әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаевтың баяндамасына қысқаша тоқтала кетейік. Өткен жылы ауылда шешімін тапқан мәселенің бірі төрт түлік малдың өлексесін жинайтын контейнердің орнатылуы. Енді тұрғындар осыған бақылау болса дейді. Сондай-ақ, былтырғы жыл жаңалығы заманауи үлгідегі спорт ғимаратының бой көтеруі. Жастар жылында ауыл әлеуетінің артуы мен экономикасының өсімі бойынша атқарылған жұмыстар аз емес. Кәсіпкерлік саласы бойынша жастар қайтарымсыз қаржыға қол жеткізсе, ауылшаруашылығы бағытында жеңілдетілген несиемен кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар да жетерлік.
Екі мыңнан астам тұрғыны бар Сунақатаның салықтан түскен қаржысы ауыл әкімдігінің қазынасына құйылады. Ауылдық қауымдастықпен біріге отырып, ауылдағы шешілмеген мәселелер осы қаржы есебінен жұмсалған.
Енді былтыр көтерілген мәселелер шешімін тапты ма, соны саралайық. Шыны керек жыл сайын тұрғындар көтеретін басты мәселе балабақша құрылысы. Биыл бұл шаруа шешімін табатынына ауылдағы ағайын сенімді. Ал аяқ судың мәселесі жылдағы жырға айналды. Биылғы есеп беруде Еңбек ауылының тұрғыны көмек сұрай келіпті.
Сондай-ақ, Мырзан есімді ардагер мал ұрлығына тосқауыл жасауды тапсырды. Ел іші учаскелік полицияға автокөлік беруді сұрады. Жиын соңында көптің көптен бергі тілеуі болған мектеп іші жылып, балаларға жағдай қалыптасты. Жиынды қорытқан аудан әкімі ауылдағы ауыз су жүйесінің толық жөндеуден өтетін айтып сүйіншіледі.