№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Рухты кездесу


Сыр өңірінде шығармашылық әлеуетімен танымал Болат Омар­әлиевпен тілдесіп, бай мұра­ғатындағы Жаңақорған ауданына қатысты суреттерді беруді сұрадым. Иә, бүгінгі түсірілген сурет – ертеңгі тарих десек, оның ұзақ жылдар бойы түсіріп, жинаған мұрағаты бүгінде баға жетпес құндылыққа айналды...
Онымен пікірлесу барысында ата-бабасы Жаңақорған топырағынан нәр алғанын білдім. Өзгенттегі үш атаның бірі Сүлеймен уәлі тікелей бабасы. 200 жылдай бұрын атасы Топан Ақмешіт жақтағы Қоғалыкөлге қоныс аударып, сонда тұрақтайды...
Келісілгендей Бөкең алғашқы суретін жіберді. Тарихи сурет. 1993 жылы түсірілген. Елдіктің айрықша нышаны саналатын Елтаңбаны жасаған Жандарбек Мәлібеков ауыл­ға келіп, халық рухтанып, мақтаныш сезімі кернеді. Отанның негізгі символы – Елтаңбада Ұлы даланың, Қазақ елінің терең тарихы, мыңжылдықтардан бастау алатын салт-дәстүрі мен наным-сенімі, ерлік пен еңбекке толы жолы көрініс тапқан. Сығанақ даласына кіндік қаны тамған қайраткерді жерлестері зор қошеметпен қарсы алып, облыс орталығында өткен сабан тойда құрмет көрсетеді. Облыс басшылары Жандарбек Мәлібековке тұлпар мінгізіп, иығына шапан жапты. 27 жыл бұрынғы той жұрттың есінде рухты кездесу ретінде қалғаны анық.
22 қаңтар 2020 ж. 748 0