№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Нұр-Дамирдың" тынысы

"Нұр-Дамирдың" тынысы


«Нұр-Дамир» балабақшасында бүгінде 50 бүлдіршін тәрбиеленуде екен. «Балапан» бағдарламасы бойынша қазығын тіктеген қарашаңырақта бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Біз балабақша меңгерушісі Нұрсәуле Ашироваға жолығып, балалар мекенінің бүгінгі жай-жағдайы туралы әңгімелеп беруін өтіндік.


– Балабақшаның орталықта орналасуы тәрбие тынысын ашып, бала бағбандарының шығармашылық іс-жоспарларына да барынша мүм­кіндік туғызып отыр, – дейді ол. Аудандық орталық кітапханаға қарама-қарсы орналасқан сәбилер мекенінде руханият ошағымен тығыз байланыс жолға қойылыпты. Бүлдіршіндерді түрлі-түсті ертегі кейіпкерімен қауыштыратын қызықты кітаптардан олар әсер мол. Бұл жұмыстарда балабақша әдіскері Қалдыгүл Шеримова тәрбиешілерге тың жоспар түзіп, жұмыс бағытынан ақыл-кеңесін аямауда, – деген меңгерушінің пікірінен соң біз осы салада отыз жылдан аса еңбек сіңіріп келе жатқан Қалдыгүл Шеримовамен сұхбаттасып, іс-тәжірибесі жөнінде ой бөлісуін өтіндік.
– Мен еңбек жолымды 1978 жылы орталықтағы «Балғын» бала­бақшасында бастап тәрбиеші, одан әрі әдіскер болып жұмыс жасадым. Ол кезде аудан орталығында үш мемлекеттік балабақша ғана жұмыс жасайтын. 1984 жылдан бастап №2 балабақшасында меңгеруші, ал 1993 жылдан бастап аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие әдіскері болып он сегіз жыл қызмет атқардым. 2001 жылдан бастып бұрын жабылып қалған «Ақбота» мемлекеттік балабақшасын қайта ашып, аяғынан тік тұруына жұмыс жасадым, – дейді ол.
– Сіз екі бірдей балабақшаны басқарған екенсіз. Одан әрі бүкіл қызметіңіз осы балабақшалар тынысына бағыт-бағдар беруге арналды. Сіздіңше, ауыл балабақшалары неден ұтылып жүр?
– Зейнетке шықсам да бала бағбандарының өтінішіне орай сәбилер ұясынан қол үзбей келемін.
Меніңше, баланың бәрі бірдей. Қалада тұрса да, далада тұрса да олардың қоршаған ортадан алатын әсері, өздеріне беймәлім әлемге деген ынта-ықыласы, әдемілікке құштарлығы, үлкендердің мейірім-шапағатына зәрулігі тұрғысынан келгенде ол екеуін айырып ала алмайсыз. Бұл ретте балабақшаның жан-жақты жағдаймен қамтылуы өз алдына, бала жүрегінен жол таба білу, яғни сәби тілі мен тілегін түсіне білу үлкен міндет. Бұл міндетті абыроймен атқаруда алдымен адам факторы шешуші роль атқарады. Яғни, кадрлар кәсіби біліктілігі мен шынайы шеберлігі өте қажет.
Аудан бойынша 100-ден аса балалар мекенінде басшылық орта­лықтан бекітіліп келетін ортақ бағдарламаны басшылыққа алып, тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін ұсынып отырғанымен оны бала бойына сіңіре білуде білікті кадр бәрінен қымбат дер едім. Балабақшамыздағы Салтанат Артықова, Айгүл Әбиева сынды тәрбиешілеріміз осы бағытта еңбек етіп, ата-ана алғысына бөленіп жүр.
Айнұр Оралова деген тәлім­геріміз үштұғырлылықты мықты қалыптастыруда үздік еңбегімен танылып, мектепке мұғалім болып кетті. Бұдан түйеріміз, балабақша – баланың ғана емес, оның бағбандарының да жетілу, үйрену, шеберлік мектебі.
Білікті маман осылай дейді. Бала бағбандарының еңбегі жемісті болсын демекпіз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
21 қаңтар 2020 ж. 587 0