№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Дипломмен ауылға": 142 жас маман кезегін күтуде

"Дипломмен ауылға": 142 жас маман кезегін күтуде


Соңғы кезде қоғамдық кеңестердің жұмысы санаға салмақ түсірер сауалдарды ортаға тастауымен атқарушы билікті табанды іс-қимылға ынталандыра алса мұны туған жер тағдырына тілектестік деп қана бағалауға болар.

Биылғы жылы құрамы қайта жасақ­талған аудандық қоғамдық Кеңестің бүгінгі отырысында 2020 жылға арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерінің жобасы талқыланды. Бұған дейін сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрғанәлі Базарбаев "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қағидаға орай мамандарға көтерме жәрдемақымен тұрғын үй сатып алу талаптары бойынша барлық 14 бөлім, 26 ауылдық округтен түскен сұраныстар бойынша 142 маманға өтінім беріп отырғанын жеткізді. Бұл жерде ауылдық жерлерде ауылшаруашылық маманы, әсіресе мал дәрігері мен фельдшерге зәрулік басым екенін де білдік. Бұл қажеттіліктер үшін қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді екен. Биыл қалай болатынын уақыт көрсетеді, ал былтырғы жылы сұраныстағы 112 маманның 48-і ғана қанағаттандырылған екен.
Келесі мәселені талқылау барысында алдыңғы мәселенің түйткілді тұсына түсінік тиянақтағысы келген талайдың қазына бюджетін қамтамасыз етудегі өз өңіріміздің әл-ахуалын тереңірек сүзгіден өткізуге мүдделілігін түсінуге болады. Сондағы түйгеніміз, аудандық бюджеттің бір жылдық қажетіне бөлінетін 16 млрд 249 млн 831 мың теңгенің 2 млрд 283 млн-ы ғана жергілікті бюджеттің еншісінде екен.
Бұл жерде қоғамдық сананы қана­ғаттандырмайтын бір мәселе қылаң береді.
Сонда біздің аймақта орналасқан ірі өндіріс орындарының табысы жер­гілікті бюджеттің бүйірін толтыруға қауқарсыз болғаны ма деген сауалға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жауапты қыз­меткері Жамур Мүсілімнің жауабына кел­сек, "Казатомпром", "Байкен-U", "СКЗ-U", "Шалқия-Цинк" сынды өндіріс орындарының мүлік, табыс және әлеуметтік салықтарын қоса есептегенде 1 млрд 32 млн теңге мөлшерінде ел қоржынына салық түседі, оның 50 пайызы облыс бюджетіне аударылады екен.
Қоғамдық Кеңес құрамындағы бүгінгі ел өмірімен тікелей сабақтастықта жүр­ген, сонымен қатар бұрын құзырлы орында тікелей басқару сатысынан өткен азаматтар бар, мына жауапқа қанағаттанбады деуге болады. Өңдеуші кәсіпорындар осынша байлықты басқа жақтан көшіріп әкелген жоқ. Осындағы территориядан тапты. Ендеше сол игілікті осындағы тұрғындармен неге бірдей бөліспейді? Өз экономикалық мүддесін осындағы аймақ тұрғындарының эко­но­микалық мүддесімен неге үйлес­тірмейді? Сонда территория мен халық өз іргесінен алынып жатқан мол дәулеттен не көреді? Анығында, табиғи да, рухани да экологиясына зақым келіп жатқан жергілікті жердің хал-ахуалын арттырудың экономикалық жолдары қарастырылуы керек. Бұл ретте уақытша дәурен сүріп қалуды көздейтін психология адамдардың өз төңірегінде не болып, не қойып жатқанына мән бермеуге тырысатын рухани конформизмді – өз өлкесіне өзі жат болуды, жергілікті өкімет орындарын жатырқаушылық тенденцияларын қалыптастырады. Туған жер алдындағы азаматтық парызды ведомстволық мүддеге құрбан ету болашаққа деген сенімімізге ғана емес, әлеуметтік әділетке деген үмітімізге сына түсіретін құбылыс.
Бастапқыда қажетті мамандарды жеткілікті мөлшерде тауып алу оңай болмады. Ендеше, сырттан еңбек ресурсын тартпай болмайтын еді. Енді осындағы қолда бар ресурс та мұқият ескерілуі керек. Елге орнығып еңсе тіктеген кәсіпорындар ғылыми кадр әлеуетін бекемдеуде жергілікті мамандарға, жас талапқа иек артып, оларды жоғары біліммен қамтуда гранттар бөлу жағына тыңғылықты көңіл бөлгені жөн. Бұл жан-жақтан оңай олжа іздеген уақытша қызметкерлерді көптеп тарту үшін "қосымша жалақы", "үстеме коэффициент" төлеп кәсіпорынның шығындануына да жол бермес еді. Сонымен қатар туған жер туын тіктеуге ұмтылатын патриоттық сезімнің ел дәулетін еселенудегі ерек қуатын ескермеске болмайды.
Ірі өндіріс, кәсіпорындардың ашылған күннен бастап аймақ ахуалына етене көңіл бөлуі, инфрақұрылымына: жол салу, жарықтандыру мәселелеріне мейлінше көмектесу, мектеп, балабақша мәселесіне жанашыр болу талаптары бойынша кезінде аудан басшылығының сол кездегі ҚР Индустрия және сауда министрі В.Школьникке жолдаған хатына жауапта жергілікті жерде өндіріс орындарына бес жыл орнығуына уақыт берілген. Аталған міндеттер бойынша содан соң қолға алынатыны айтылған. Енді бұл мәселелерді қайта көтеріп, жоғарыға хат жолдап, заңдық тәртіп-ережелерді нақтылау қажеттігі туған тәрізді. Жаңа бетбұрыс кезеңінде жергілікті проблемаларды жергілікті үкімет өзі шешеді.
Шынайы әлеуметшіл қоғам еңбек адамына ертеңгі күнінің қамын жасап алуына жағдай туғызады. Егер Елбасының шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы бастамасын ойдағыдай жүзеге асыра алсақ азаматтарымызды қызметпен қамтамасыз етуде, жанұялардың әл-ауқатын арттыруда да әлеуметтік саланы бюджеттік те, бюджеттік емес те жолмен қаржыландыру мүмкіндіктерін біршама түзеп алған болар едік.

Баян ҮСЕЙІНОВА
25 желтоқсан 2019 ж. 531 0