№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАРДЫ НАҚТЫ ҚОЛДАУ ТЕТІГІ

ЖАСТАРДЫ НАҚТЫ ҚОЛДАУ ТЕТІГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің барлық саласына қатысты жайттарға жауап алдық. Қала мен ауыл арасындағы өмір сүру сапасын біріздендіру, әсіресе, білім беру ісінде алшақтық барын, оның себебі – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығында екенін сөз етті.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Әрине, ауылға білікті, білімді, заманауи білім дағдыларымен қаруланған жастардың келгені абзал. Сонда ауылдар өркендеу жолына түсіп, елді мекендер заманға сай көркейеді, ауылшаруашылығы саласы экономиканың драйверіне айналады.
Үкіметтің 18 ақпан 2009 жылғы №183 қаулысы қабылданып, мамандарға бір жолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында бүгінгі таңға дейін ауданның елді мекендердің әлеуметтік сала ұйымдарынан 669 маман бюджеттік несиемен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алды.
Жаңақорған аудандық мәслихатының №311 шешімімен, аудандық тиісті бөлімдердің ұсыныстарына сәйкес, биыл 92 маман бекітілді. Алайда бағдарлама бойынша Республикалық бюджеттен 47 маманға 178012500 теңге қаражат бөлінді.
2019 жылғы 5 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы бөліміне ХҚКО арқылы 100 маманның өтініші келіп түсті. 50 маманның өтініш ұсыныста жоқ болғандықтан әлеуметтік көмектен бас тартылды және 2 маман қаражат жетіспеушілігіне байланысты келесі жылдың кезектілігіне қалдырылды.
2019 жылдың 7 айының қорытындысымен 48 маманға 177 947,0 мың теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, бюджеттік несиемен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алып, 2019 жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Сондай-ақ осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында бүгінгі таңға дейін елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 1045 маман көтерме жәрдемақы алды.
Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Енді Президент айтқандай, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына одан әрі мән берілсе, ауылдарда бәсекеге қабілетті жастар қатары көбейе беретіні анық.

                                                                                                                                          Тұрған БАЗАРБАЕВ,
                                                                                                        аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
11 қыркүйек 2019 ж. 688 0