» » "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қандай құжаттар дайындалады?

"Дипломмен ауылға" бағдарламасына қандай құжаттар дайындалады?


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауданға аса қажеттімамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2019 жылға аса қажетті 92 маманның тізбесі нақтыланып, 2019 жылдың 11 ақпанында Жаңақорған аудандық мәслихатының «2019 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» №311 шешіміқабылданды.
Осыған байланысты тұрғын үй  сатып алу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен  бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялық емес АҚ-ның Қызылорда облысы, Жаңақорған  ауданы бойынша филиалының  Халыққа қызмет  көрсету орталығы  арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай, көрсетілетінқызметті алушының тапсыратын құжаттардың тізбесі;
Тұрғын үй сатып алу үшін:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға
сәйкес өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жаңа жұмыс жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- білімі туралы дипломының көшірмесі;
- сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
- көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
- тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
- неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
- аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы  (болуы) туралы анықтама.
- Тұрғын үй сатушының жеке куәлігі және 20 цифрі, көшірме.
- Сатып алатын тұрғын үйдің тех паспорты, гос актісі, көшірме.
29 наурыз 2019 ж. 3 106 0