№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА МЕДИА: БІЗ БӘСЕКЕГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫНБЫЗ?

ЖАҢА МЕДИА: БІЗ БӘСЕКЕГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫНБЫЗ?

ХХІ ғасырда дәстүрлі басылыммен бірге медиа нарықтың бағыт-бағдарын бағамдап, ақпарат кеңестігін кеңейту қажет десек, біздің алдымыздан медиа кеңестіктің мүмкіндіктерін қалай пайдаланып отырмыз, оған қаншалықты бейімделдік деген сұрақтар шығады. Интернет ресурсынының игілігін дұрыс пайдаланып отырмыз ба? Әлеуметтік желілердің қыр-сырын қаншалықты деңгейде меңгердік? Бұл сұрақтардың жауабын "Сыр медиа академиясында" білдік.
Медиа тренир облыс әкімінің кеңесшісі Динара Асқарқызы. Ол жаһанданудың нақты көрі­ні­сі – интернеттегі контентті пай­даланушылар аудиториясы еселеп артуынан көруге болатынын айтып, ақпараттық ғасырда бәсекеге қабілетті болудың жолдарын ортаға салды. Қазіргі медианың динамикалық дамуы, БАҚ уақытқа сай аудиториясын кеңейту жолдары, журналистиканы цифрландыруда қазіргі қиындықтар мен перспективалары, заманауи журналистиканың міндеттері, проблемалары орынды қозғалды. Жаңа медианың даму динамикасы және оны мультимедиялық элементтер арқылы дамыту және әлеуметтік желілерде тауарды өтімді ету жолдары жан-жақты айтылды. Сондай-ақ, әрбір облыстық, қалалық, аудандық газеттердің әлеуметтік желідегі белсенділігі, ондаға аккаунттар мен парақшалардың тиімді жүргізілуі сараланды.
Тренигке қатысқан облыстық, қалалық, аудандық газеттердің шығармашылық өкілдері әлеуметтік желідегі трендтерді бағдарлап, оны тиімді жүзеге асыруды, ақпаратты тауар ретінде өтімділігін арттыруды, суреттерді өндеу тәсілдерін білді.
Нұр-Кенже.
26 сәуір 2019 ж. 972 0