№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бөрітескеннің батпағы жүз бір дертке дауа екенін білесіз бе?

Бөрітескеннің батпағы жүз бір дертке дауа екенін білесіз бе?

Жақында әкім Сұлтан Мақашов бастаған делегация аудандағы маңызды нысанның біріне барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Нақтысын айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында бой көтерген шипажай ғимаратында болды.
Бөрітескен көлінің батпағы негізінде құрылатын шипажайдың құрылысын «Orda Сығанақ» ЖШС жүргізуде. Мердігер компания «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы тартқан.
Серіктестіктің директоры Қайрат Есімов пен құрылтайшы Асқар Ибрагимов қарсы алып, құрылыс алаңына жол бастады.
Құрамында аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рақымжановтан құрылған делегация жатын бөлмелерді, тұзды су және емдік балшықпен емдейтін арнайы орынды, батпақ жинайтын жерді, массаж және физиотерапиялық кабинет, дәрігерлер бөлмесі, асхана секілді емдеу-сауықтыру ісінде маңызды жайларды көрді. Сондай-ақ бильярд, тренажер, көңіл көтеретін би залы (дискотека), арнайы демалыс орнын назардан тыс қалдырмады.
Теріскен көлінің химиялық элементтерге бай тұзды суы мен шипалы балшығы Жаңақорғанның атын мәшһүр еткен-ді, енді оған Бөрітескеннің батпағы қосылды. Халықаралық күре жолдың бойында іске қосылатын жаңа шипажайдың ауданда емдік-сауықтыру туризмі дамуына септігі тиетіні анық.
Әкім мен директор құрылыстың барысы және шипажайдың әлеуеті жайында пікір алмасты.
– Шипажай қанша аумақты алып жатыр?
– Жалпы аумағы 15 гектар. Оның 6000 шаршы метрінде шипажай, 10 гектарында алма бағы бар. Екі этажды, заманауи құрал-жабдықпен жабдықталатын сау­ық­­­тыру кешені уақытқа сай жұмыс жасайтын бірегей кешен болады.
– Қанша адамды қабылдай аласыздар?
– Екі адамдық 60 бөлме бар. Яғни 120 адамды қабылдай аламыз.
– Емнің қандай түрлері болады?
– Бөрітескеннің шипалы балшығы негізінде сүйек-буын және перифериялық жүйке жүйелерінің аурулары, гинекологиялық, урологиялық, асқазан, бауыр, ішек, өт жолдары аурулары және т.б емделетін болады.
Сөзге Адай Елеусізұлы араласып:
– Қанша адамды жұмыспен қамтисыздар? Идея қалай басталды? – деді.
– Шипажай толық іске қосылғанда 58 адамды жұмыспен қамтимыз. 2015 жылы Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне Бөрітескеннің балшығын апарып, сараптама қорытындысын алдық. Соның нәтижесінен бизнес жоспар құрып, 2017 жылы сауықтыру-емдеу кешенінің құрылысы басталды, – деп жауап қатты Асқар Ысқақұлы.
– Қандай қиындықтар бар? – деді әкім.
– Шүкір, жұмыс жүйелі жүруде. Нысанға электр жарығы әкелініп, трансформатор қойылды. Жылуды іске қостық. Бірақ газды әкелуге рұқсат ала алмадық. Шипажайдың аумағын көгерту, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы алма ағаштары жеміс бере бастады. Сіздің назарыңызды мына жайға аударғым келеді, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолын бойлай «Жиделі» топтық су құбыры жүргізілген. Құбыр жатқан жерлердің белгілі гектары аукционмен сатылып кетіпті. Соның мән-жайын анықтау керек секілді. Себебі магистральдық құбыр аумағында нысан түспеуі тиіс емес пе? – деді құрылтайшы.
– Қашан іске қосасыздар? – аудан басшысы.
– Қосымша бригадалар қосып, құрылыстың қарқынын күшейтіп, мүмкіндік болса Тәуелсіздік күні шипажайдың іске қосу жоспарда бар, – деді директор.
– Заманауи емдеу әдістерін игерген, жоғары жұмыс мәдениетін игерген, жаңа талаптарға сай мамандар алсаңыздар жаңа шипажайдың даңқы асқақтайды. Солай емес пе?
– Әрине, мамандардың кәсібилігіне басымдық беріп, сервистік қызметке мән береміз. Онсыз іс сапалы болмайды. Егер мамандар білікті, білімді болса халықаралық деңгейде қызметін ұсынуға болады. Сондықтан кадрдың кәсібилігіне назар аударатын боламыз.
Құрылтайшы мен директор тізе қосып, жаңа шипажайды танымал етудің жөн-жобасын әзірлепті. Әсіресе шипажайдың географиялық орналасуының тиімділігіне көңіл бөлген. Біріншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында орналасқан. Бұл – туристердің жолаушылап қайтуына ыңғайлы. Екінішіден, тарихи орындарға жақын орналасқан. Ұлы далада саяси рөлі болған Сығанақ, Сауран қаласына, Көккесенеге баруға және Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесі мен Арыстан бабқа туристік маршрут құруға мүмкіндік бар.

                                                                                                                                             Лаура БИБАСАРОВА

17 қараша 2019 ж. 1 020 0