№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құны 533 млн теңге тұратын спорт кешені

Құны 533 млн теңге тұратын спорт кешені


Жұмыс жасайтын адамға жексенбі кедергі бола алмайды. Мұны Сұлтан Мақашов әкім болып келгелі көріп жүрміз. Әрбір күнді сапалы құруға мән берген әкім жексенбілік демалыста тағы жолға шықты. Делегация құрамында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рақымжанов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов бар. Бұл жолғы мақсат – мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынып жатқан құрылыс нысандарын көру.


Жол үстінде ауданның тыныс-тір­ші­лігі жайлы қызу әңгіме. Кәсіпкерлік саласына жауапты басшы Қаржыбек Тәжібайұлы аудан тұрғындары нарықтық қатынастардың заңды­лықтары мен қыр-сырларын меңгеріп, мемлекеттік бағдар­маларға белсенді қатысып жатқанын тілге тиек етті. Сөзді жалғаған Махмұт Рақымжанов: «Аудан бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында 11 спорт кешенінің құрылысы жүруде. Бұл – Сыр өңіріндегі үздік көрсеткіш. Мәселен, Шиелі ауда­нында – 5, Қызылорда қаласында – 4, Жалағаш ауданында – 1 спорт кеше­ні бағдарламамен салынады. Бізде Тәуелсіздік күні үш спорт кешенінің есігін ашуды жоспарлап отырмыз», – деді.
Жолға шығудың мәні түсінікті болды. Әкім Тәуелсіздік күні қарсаңында ашы­латын спорт кешендерінің құрылысымен танысып, сапасын сараламақ.
Алдымен Қожакент ауылдық ок­ру­­гіндегі спорт кешеніне бардық. ДК «Жанайым» басшысы Мейірбек Үсенов нысан­ға 285 миллион теңге қаржы құйыпты. Қазір екі қабатты кешенде 50-ге тарта құрылысшы жұмысты қарқынды жүргізуде.
– Құрылысты мерзімінде бітіруге күш салудамыз. Шатыр жабылып, есік-терезелері салынды. Енді сантехникалық және сыртқы қабырғаны және еденді әрлеу жұмыстары ғана қалды, – деп сөз бастады кәсіпкер Мейірбек Изатуллаұлы.
– Жер рәсімделді ме? Нысанның техникалық құжаты дайын ба? – деді аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы.
– Жер рәсімделді. Техникалық құжат айдың аяғына дейін әзір болады, – деп жауап қатты кәсіпкер.
– Кешен стандартқа сай ма? – деді әкім.
– Жалпы спорт кешінінің аумағы 1000 шаршы метр. Оның ішінде, шағын футбол, волейболға арналған 50×20 метрді құрайтын зал және бокс, күрес залы, тренажер болады, – деді мердігер.
Белгілі болғаны, 16 желтоқсанда құрылыс нысаны ашылса, 2020 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастайды.
Одан кейін Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесіндегі спорт кешеніне келдік. 2488 шаршы метрді құрайтын спорт кешенін Бағдат Балғабаева басқаратын ДК «Аяна» жүргізуде. Директордың кеңесшісі Болат Балғабаев жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып:
– Қазір нысанның шатыры жабылып, терезесі қойылып, әрлеу жұмыстары аяқталды. Енді еденді орнату, көрер­мендер отыратын трибунаны қою жұмыс­тары жүруде. Екі бригада жұмысты жүр­гізуде. Бірнеше күнде үшінші бригаданы қосып, құрылысты мерзімінде аяқтауға күш саламыз, – деді.
– Қандай залдар болады? Қанша көрер­мендерді қабылдай алады, – деді аудан басшысы.
– Жалпы спорт кешенінің сметалық құны 533 миллион теңге. Мұндағы залдар стандартқа сай. Гандбол, баскетбол, шағын футболға 42×24 метрлі алаң және волейболға 15×25 метрді құрайтын зал болады. Жоба бойынша әр залдың сыйымдылығы 150 адамнан. Екінші этажда үстел теннисі залы бар, – деп жауап қатты Болат Ахмадбекұлы.
Сөзге дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмұт Рақымжанов араласып:
– Өздеріңіз көріп тұрғандай, аудандағы үлкен спорт кешенінің бірі болады. Алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар, – деді.
Аудан әкімі нысанды мерзімінде тапсыруды шегелеп айтып, Ақүйік ауылдық округіне бағыт алды. Онда ДК «Бердиллаевтың» жүргізіп жатқан 1000 шаршы метрді құрайтын кешеніне бардық. Ғимараттың шатыры жабылып, есік-терезесі қойып, сылақ жұмыстары аяқталыпты. Қазір еденді қою, әрлеу, сантехникалық жұмыстары жүргізілуде.
– Спорт кешенінің уақытылы бітіре­сіздер ме? – деп түтесінен қойды сұрақты әкім.
– Қараша айының аяғына дейін бітіріп, Тәуелсіздік күні есігін ашамыз, – деді Бақыт Бердиллаев.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев ой қосып:
– Ақүйік үшін маңызды нысан болғалы тұр. Бұл ауылда Бейжің Олимпиадасына еркін күрестен қатысқан, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Жасұлан Мұхтарбекұлы және халықаралық дәре­жедегі спорт шебері Пернебек Беласар, спорт шебері Бақытжан Бердиев, Роллан Кешубаев, Еркебұлан Кешубаев шықты. Мұнда жаттыққан спорт­шылар даңқты ағаларының жолын жалғастыратынына сенеміз, – деді.
Ақүйік ауылдық округінің әкімі Әскербек Мұсаев елді мекен тұрғын­дарының соңғы жылдары жиі көтерген мәселесі спорт кешені-тұғын. Игілікті істі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Бақыт Бердиллаев қолға алып, Тәуелсіздік күні пайдалануға беретініне қуанышты екенін жеткізді. Аудан басшысы құрылыс нысандарын өзі жіті бақылап, сапасына мән беретінін қадап айтты.
Айта кететіні, Сунақата, Қыркеңсе, Қандөз, Жаңарық, Қожамберді, Төмен­арық және Қосүйеңкі ауылдық округінде де спорт кешендері бой көтеруде. Олар 2020 жылы пайдалануға беріледі. Яғни ауданда бұқаралық спорттың дамуына дем беріп, жастар уақытын тиімді пай­далануда септігі болады.
Аудан әкімі бастаған делегация «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық­аралық жолының бойында көтерілген санаторияның құрылысымен танысты. Бұл жөнінде алдағы нөмірде кеңірек тарқата жазатын боламыз.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
12 қараша 2019 ж. 898 0