№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент даңғылына Назарбаев атауы берілсе

Кент даңғылына Назарбаев атауы берілсе


Елдің ірі-ірі қалаларындағы орталық көшелер мен даңғылдарға, алаңдарға Тұңғыш Президенттің есімі берілді. Егемен елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елге жасаған өлшеусіз еңбегін ұрпақ есінде, тарихта мәңгі қалдыру мақсатында Жаңақорған кентінің төріндегі Тәуелсіздік даңғылын Нұр-Сұлтан даңғылы деп қайта атау жөнінде ұсыныс білдіреміз.


Себебі, Нұр-Сұлтан мен Тәуелсіздік – егіз, ажырамас ұғым. Кенттегі Нұр-Сұлтан даңғылы өсіп келе жатқан жастардың көкірегінде патриоттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік туғызары сөзсіз. Рухани жаңғыру дегеніміз осы болса керек. Орталықтағы тәуелсіздік жылдары салынған алаңды «Тәуелсіздік алаңы» деп атауға ұсыныс енгізген жөн деп санаймын. Ұсынысымызды көпшілік қолдайтынына сенемін.
Ұсынысымыз, 2018 жылдың 9 тамызындағы Облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы (№3, 14 комиссия мүшесі қол қойған) бойынша жасалып отыр. №3 хаттаманың 5-тармағында облыстық ономастика комиссиясы Жаңақорған ауданы әкімдігіне Жаңақорған кентіндегі атауы жоқ көшеге (санаторияға барар жол деп көрсетілген) Астана атауын беру ұсынылады деп көрсеткен. Сондықтан облыстық ономастика комиссиясы қорытындысын, халықтың пікірін ескере отырып ұсыныс қабылданатынына сенемін.
Туған жердің байырғы жер-су атауларының қалпына келтірілуі және ерен тұлғаларын ескеру, ұлт санасында жаңғырту қажет. Неге десеңіз, бүгінде аймақтардағы елді мекендер мен көшелерге белгісіз адамдардың есімдерін беру үрдіске айналған. Тіпті кейбір өңірде бәзбір жергілікті қалталылар өмірден өтіп кеткен ата-бабасына да көше атын беретін жағдайлар кездесетін көрінеді. Міне, осындай келеңсіздік тудыратын әрекеттер ономастикалық мәселені күрделендіріп жіберген сияқты. Бұл түйткілге бүгін нүкте қоймасақ, ертең кеш болатыны анық. Яғни жастардың отандық рухын көтеру, елшілдік сезімін асқақтату мақсатында Тәуелсіз елді қалыптастырып, дамуына бар күш-жігерін жұмсаған қайраткер тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың атында Жаңақорған кентінде көше беру өте орынды. Бұған ономастикалық комиссия, аудандық мәслихат депутаттары, Жаңақорған кентінің тұрғындары қолдайды деген ойдамын.

Мырзажан ЖАКИПОВ,
ардагер ұстаз
02 қараша 2019 ж. 798 0