№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Түркістанның ең ірі даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді (фото)

Түркістанның ең ірі даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді (фото)


Өмірзақ Шөкеев Түркістанның қай көшесін Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгерткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.

Бүгін Түркістан қаласында өткен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара кезінде көрмені аралап жүрген облыс басшысы редакция тілшісінің "Қалада қай көшеге тұңғыш президент есімі беріледі?", - деген сауалына жауап берді.
"Қазір біз тұрған даңғылға Елбасы есімі берілді. Кеше мәслихат сондай шешім шығарды. Оны қолдаймын... Негізі бұл даңғылдың ресми түрде атауы болмаған. Халық арасында "Арбат" аталып кеткен болатын. Даңғылды бойлай келе кесенеге тура апаратын жол бар. Оның ар жағында болашақта Елбасы атындағы үлкен саябақ бой көтеретін болады", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Айта кетейік, Түркістандағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан басталып, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.
22 наурыз 2019 ж. 1 279 0