№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алақай, ауылға «BalaHi» келді

Алақай, ауылға «BalaHi» келді


Балабақша – үздіксіз тәрбие білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. Жас ерекшелігіне қарай еңбекке баулып, сөйлеу мәнеріне үйретуде қолданылатын түрлі бағыттағы заманауи құрылғылардың орны тіптен бөлек. Осы тұста, облыс бойынша Аққорған ауылында ғана бар тың технология жайлы сөз етпекпіз. Ақтөбеде жасалған бұл өнім «BalaHi» деп аталады. Бибісара Шайхсламова басқаратын №19 «Раушан» балабақшасына арнайы барып, отандық өніммен танысып қайттық.


«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғам ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Заман ағымына қарай қазіргі жұмысбасты ата-аналар балаларын біздерге сеніп тапсырғаны үшін, оларды тәрбиелеу толығымен балабақша қызметкерлерінің мойнында. Балалардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа бағытты игеруі үшін Ақтөбе қаласынан «BalaHi» интерактивті тақтасын алдырдық. Осыдан 4-5 ай бұрынғымен салыстырғанда балалардың сабаққа қатысу белсенділігі артқан. Бір ерекшелігі, балалар таза сөйлеуді жетік меңгеруде. Атап айтар үлкен жетістігіміз осы, – дейді балабақша меңгерушісі Бибісара Сейтбекқызы.
Меңгерушінің айтуынша, оқыту-тәрбиелеу процесінде балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал болатын «BalaHi» атты интерактивті трибунасын заманауи қуыршақ театры деп те атауға болады. «BalaHi» интерактивті қуыршақ театрында тәрбиешілер балаларға әртүрлі ертегілерді, оқиғаларды, кез келген фантазиядағы тәрбиелік әңгімелер желісін нақты уақытта балалардың тікелей қатысуымен интерактивті түрде құрастыруына мүмкіндік алады.
Біз барғанда осы отандық өніммен балалардың «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін сөйлетіп жатқанына куә болдық. «BalaHi»-дың ерекшелігі ол интерактивті қуыршақ театрының модернизацияланған, сандық моделі екеніне іс жүзінде көз жеткіздік. Модернизация нәтижесінде бұл өнім өз функцияларын қолдана отырып, дәстүрлі қуыршақ театрында сандық түрде қолданылатын кішкентай көріністерді ойнауға және анимация әдісін басқаруға мүмкіндік береді екен. Құрылғының әмбебаптығы балабақшалардағы білім беру процесін жақсартады. Тиімді жұмысты ұйымдастырады. Іздеу функциясы арқылы кез келген ертегі тақтада орындалып, қозғалыста болғанда балалар ертегі кейіпкерлерін сөйлетеді. Осылайша балалардың мазмұнды сөйлеуі қалыптасады.
– Маған осы тақтамен жұмыс жасап, ертегілер қойған қатты ұнайды. Балабақшаға келіп көптеген ертегілермен танысып, кейіпкерлердің ролінде ойнау өте қызық. Мен сол үшін балабақшадан қалмауға тырысамын, – дейді аққорғандық бүлдіршін Нұрахмет Бауыржанұлы.
Иә, тәуелсіз елдің басты тірегі білімді ұрпақ. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өзіндік орнының қалыптасуы білім жүйесіне байланысты десек, ол балабақшадан бастау алатыны сөзсіз. Сол үшін жас бүлдіршінге берілер саналы тәрбие мен сапалы білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Ал басты бағытпен жұмыс жасау тәрбиешілер мойнына артылар үлкен жауапкершілікті іс.
Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнын балаға меңгертуде тәрбиеші жаңашыл болуы керек. Тәрбие мен білімнің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы екенін бөбекжай ұжымы естен әсте шығарған емес. Бұл бағытта аққорғандық тәрбиешілердің заманауи құрылғыны өңірде тұңғыш болып қолдануы көпке үлгі.

Лаура БИБАСАРОВА

29 қазан 2019 ж. 736 0