№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Нұрай-Қыдыр» бөбекжайында жаңа технология

«Нұрай-Қыдыр» бөбекжайында жаңа технология

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында «Білім беру бағдарламасының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деген еді. Айтылған міндетті іске асыруда балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып саналады. Осы орайда кент орталығында орналасқан «Нұрай-Қыдыр» бөбекжайында жаңа технологиямен танысқан балалардың қуанышына ортақтасып қайтқан едік.

Қазіргі балалар белсенді. Олар компью­трлендіру, ақпараттандыру және робот жасау дәуірінде өмір сүруде. Сондықтан олар осы бағытта жұмыс жасауды балабақша табалдырығында үйрену керек. Білім берудегі басты бағыт осы. Өйткені жаңа технологиямен жұмыс жасаған баланың бойында шығармашылық қабілет дамиды. Көптеген нарселерге қызығушылық пайда болады.
– Робототехника тек қана құрастырудан ғана емес, онымен жұмыс жасағанда балалардың белгілі мақсатқа жету жолындағы жұмыс пен қабілеттен тұрады. Өз-өзін тәрбиелеу процесі жаңарып, ой-өрістері дамиды. Топтық, ұжымдық жұмысқа үйретіліп, іскерлік тәжірибелерден өтеді, – деді балабақша меңгерушісі Мұрат Мінуаров.
Балалар ойыншық құрастырып, Wedo-2.0 бағдарламасы бағытында компьютер мен планшеттерде роботтарды қозғалысқа келтірді.
– Осындай мүмкіндікті кішкентай ғана бүлдіршіндерге сыйлап отырған тәлімгердің еңбегі ерен. Жаңа технологиямен жұмыс жасауда бүлдіршіндердің қуанғанын көргенде әр баланың қабілетті екеніне көзіңіз жетеді. Осы арқылы баланың саусақ моторикасы мен сенсорика, таным қабілеті ашыла түседі. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан тәрбиешілерге артылар үлкен жауапкершілік зор мүмкіндік беретінін ұмытқан емеспіз, – дейді топ жетекшісі Мөлдір Есенқұлова.

                                                                                                                                              Лаура БИБАСАРОВА
10 қыркүйек 2019 ж. 812 0