№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АӘК: 74 мың жалған дерек тіркелген

АӘК: 74 мың жалған дерек тіркелген


М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде ауқымы кең, маңызы жоғары кездесу өтті. Неге дейсіз бе, Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы аудан тұрғындарының тілек-ұсынысын тыңдады. Алқалы басқосуды облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жүргізді. Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жайын түсіндірді.


Бірінші кезекте, мінберге көтерілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін көпбалалы және мұқтаж отбасыларға арналған көмектің жаңа әдісі туралы айтты. Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларды қолдау республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақыны енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Оның мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден беріледі. Ал, АӘК аз қамтылған отбасыларға, соның ішінде, көп балалы отбасыларға да төленетін болады.
Министр АӘК алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Оларды жұмысқа орналастыру үшін өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының барлық тетіктері пайдаланылатын болады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі барлық отбасы мүшелері үшін тоқтатылады.
– Мемлекет – шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмек көпбалалы отбасыларды қолдауды, аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілді әлеуметтік пакетті қамтитын болады, – деді Біржан Бидайбекұлы.
Сондай-ақ министр ел аузында 21 мың теңге деп аталып кеткен көмекті алатын отбасылардың арасында тепсе темір үзетін апталдай азаматтардың бар екенін жеткізді. Өзінің 100 мың теңге алып отырған жұмысынан шығып, аталмыш көмек алуға тіркелгендер саны өте көп екен. Мәселен, ресми мәлімет бойынша 74 мың жалған дерек тіркелген. Олардың арасында пендешілікке салынып көп балалы отбасыларға берілетін 21 мың теңгенің жәрдемақысын 852 бас ірі қарасы бар фермер де алып келген. Одан бөлек коттедж де тұратын кісілер де қымсынбай мемлекеттің шын мұқтаждарға берген әлеуметтік көмегін алып отырған. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, осы жылдың тоғыз айында 417 мың отбасы, яғни 2 миллион 138 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бір сөзбен айтқанда, министрдің баяндамасын мұқият тыңдаған тұрғындар атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған нұсқасын жақсы қабылдады.
Өз кезегінде, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов атаулы әлеуметтік көмек алып отырған қызылордалықтардың санына тоқталды.
– АӘК көрсетуге 2019 жылға бюджеттен 14,7 млрд. теңге қаралып, әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 14 808 теңгені құрады. Жыл аяғына дейін 19,7 млн. теңге қаржының жұмсалуы күтілуде. Атаулы әлеуметтік көмекті қоса қаржыландыруды 15 пайызға жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді. Шартты атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 351 отбасымен әлеуметтік келісім шарт жасалып, 1 243 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Артық төленген атаулы әлеуметтік көмектің 23,1 млн. теңгесі бюджетке қайтарылып, 1 млрд. 71 млн. теңгеге төлем тоқтатылды, – деді аймақ басшысы.
Осы тұста, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев АӘК алатындардың қатарында жұмысқа жарамды жандар да бар екенін айта келе, «Егер, біз пендешілікке салынып, жұмыс істемей масыл болып кетсек, болашағымыз қалай болады? Жастарды қалай тәрбиелейміз? Сондықтан да бұл жерде масылдық болмауы керек. Маңдайы терлемегеннің, тірлігі тұралайтынын әсте естен шығармаған абзал», деп түсіндірді әрі Үкімет тарапынан тек көмекке зәру, шын мұқтаждарға ғана қолдау көрсетілетінін жеткізді. Оған қоса, мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажырата білу қажет екенін тілге тиек етті.
– Мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап отыр. Әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің 45 проценті бағытталды. Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ерекше көңіл бөлуде, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өсуде, жүздеген нысан – мектептер, ауруханалар, әлеуметтік тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделуде. Ағымдағы жылдың 9 айының өзінде АӘК төлеуге 200 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды», – деді Бердібек Машбекұлы.
Сонымен қатар, кездесу барысында вице-премьер жастарға рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру және денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, МӘМС енгізу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы дамытудың басқа да мәселелерін қозғады.
Мұнан кейін жиынға жиналған жаңақорғандықтар зейнеткерлік және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, өзге де мәселелерді шешуге қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауабын алды.
Зейнеткерлер Ерубай Қалдыбек, Тасболат Төребаев, Қуанышбек Мейірбеков АӘК, жұмыссыздық пен зейнетақы жүйесіндегі өзекті тақырыпты мәселе етіп көтерді. Яғни ұзақ жылғы зейнеттің бейнетін зейнеткерлік жасқа шыққаннан кейін, зейнетақы қорындағы жиналған қаржыны емделу, баспана алуға қашан мүмкіндік берілетінін сұрады. Оған қоса, Тасболат Төребаев 45 жыл бойы жұмыс жасап, зейнетақысы аз екенін жеткізді.
Сауалға жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: «Бүгінгі таңда елімізде 2 млн 200 мың зейнеткер бар. Оларға жыл сайын 2 трлн 4 млрд теңге зейнетақысына төлеудеміз. Орта есеппен Қазақстандағы зейнетақының мөлшері 85 мың теңге. Ал мөлшеріне қатысты айтар болсақ, төлемнің мөлшері инфляцияның орташа деңгейінде есептеледі. Десе де, жыл сайын зейнетақы мөлшері артуда, – деді.
Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін шетелмен салыстыратындарға статистикалық мәлімет келтірді.
– Қазіргі таңда орта есеппен қазақстандықтардың зейнетақыға аудару төлемі 11 пайыздан аспайды. Ал шетелде одан екі-үш есе жоғары. Сондықтан да олардың зейнетақысы жоғары болады. Мәселен, Сингапурда – 37, Ресейде 20 пайыздан асады. Еуропа елдерінде 20-30 процентке дейін. Бұл жерде жұмыс беруші жұмысшының болашағын ойлау керек. Кәсіпорын басшылығы жұ­мыс­шысы ертеңгі күні зейнеткерлікке шыққан кезде қосымша ақша беруі керек. Міне, осы жағын да ескерген жөн, – деді.
Сонымен қатар, вице-премьер тұрғындардың бірқатар сауалы аудан деңгейінде шешілетіндіктен аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлына бақылауға алып, жұмыс жасауға тапсырма берді.

Әбдісамат ӘБДІШ
29 қазан 2019 ж. 734 0