№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бесарықта тұратын озат диқаншы танисыз ба?

Бесарықта тұратын озат диқаншы танисыз ба?

  Бесарық ауылдық округіне қарасты «Нұра» шаруа қожалығының көкөнісін  өсіретін Нұрахмет Раманқұлов еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол биыл  көкөніс өсіруден гектарына 230 центнерден өнім алып, мол өнімге қол жеткізді. Еңбегі ескерусіз қалмады. «Алтын күз» салтанатты шарасында үздіктердің қатарында марапат биігінен көрінді.
  Нұрахмет Парманқұлұлы  алдағы уақытта түрлі технологияларды қолдана отырып, еңбек өнімділігін әлде де арттыра түсуді ойлап отырғандарын жасырмайды. Қазірдің өзінде еңбек озаты атанған шаруа қожалығының басшысы бір-екі адамды жұмыспен қамтып отыр.
 – Мен ес білгелі әкем егін шаруашылығымен айналысты. 2003 жылдан бастап осы шаруашылық ісін жүргізіп келемін. Бүгінде отбасылық кәсіп етіп қызанақ, қияр, қауын-қарбыздан бастап, мал азықтарын да өсіремін. Қолжетімді бағада ауыл халқына, Түркістан, Қызылорда қалаларына өнім шығардық.  «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші ризығымды осы Жер-анадан тауып отырмын, –  дейді диқан Нұрахмет Парманқұлов.
Дала еңбеккері көктем шыға қара күзге дейін еңбектен қол үзбей шыдамдылық пен жігерді еңбекпен ұштастырып, өнімді еңбек етеді. Еңбегімен еленіп жүрген азаматтың мақсаттары да көп.
Еңбек адамының ең жанашыр көмекшілері балалары мен жары. Әрбір ісінде қасынан табылып қолдау көрсетіп, отбасылық кәсіптің ісі өрге жүруге атсалысуда.
Оның айтуынша, биылғы көкөніс бағасы жылдағыдан арзан болды. Дала еңбегі оңай емес, соған қарамастан қыс азығын жаз жинап, қысқа қамданып отыр.

Майра Әбдуәлі
27 қазан 2019 ж. 1 121 0