Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаламгерге құрмет көрсетілді

Қаламгерге құрмет көрсетілді


Шығармашылық өкіліне көрсетілген құрметке біз де марқайып қалдық. Ол «Сыр бойы» газетіне Жаңақорған мен Шиелідегі жылт еткен жаңалықтарды жариялап, оңтүстіктегі аудандардың жақсысын асырып, мерейін тасытып жүргені белгілі.


Аға басылымның оңтүстік аймақтағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келе жатқанына 21 жылдан асыпты. Қаламы ұшқыр, ой жүйелі қаламгер талай еңбек адамының мандай терін дәріптеп, тарихи тұлғалардың ел біле бермейтін қырларынан насихаттады.
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан Нұркеңнің тырнақалды мақалалары мен сықақ өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ «Коммунизм жолы» («Жаңақорған тынысы»), «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» газетінде жарық көрді. Мектепті бітіргеннен кейін кіндік қаны тамған «Түркістан» кеңшарында жұмысшы болып еңбекке араласты. Ізденімпаз, еңбекқор, белсенді қаламгер еңбек ете жүріп қаламының қуатын таныта бастады. ХХ ғасырдың 80 жылдары Оспанхан Әубікіровтың алғы сөзімен сатиралық кітабы жарық көрді.
Алғашында кеңшарда спорт нұсқаушысы болса, кейінірек комсомол комитетінің хатшысы, комсомол жастар бригадасының бригадирі, бас агроном, кеңшар директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Өндірістен қол үзбей жүріп Алматы ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша білім алды.
Нұрмахан Елтай бұл кезеңдерде өзінің өткір де өзекті тақырыпта жазған мақалаларымен аудан халқына танымал тілші атанды. Ол аудандық газеттің «Көк ине» ат­ты әзіл-сықақ отауының жетекшісі болды. Оның сатиралық және сын мақалалары көпшілік оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алды, шығармашылық таланты толысқан қаламгер ретінде танылды.
Тәуелсіздік жылдары «Сыр бойы» облыстық газетінде сын-сықақ және спорт бетінің редакторы болды. Ал 1998 жылдан Шиелі, Жаңақорған ауданындағы меншікті тілші қызметіне ауысты. Сондай-ақ, 2013 жылдан бері аймаққа тарайтын «Шарайна Сейхун» газетін шығаруда.
Айта кететіні, оның «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Япырмай, бұл қандай қызық?», «Үшінші тайм», «Беті бүлк етті», «Сыпыра сыйлық» атты сатиралық кітабы оқырманның жоғары бағасын алды. Ал «Ауылдың айтқыштары» атты қос кітабына сұраныс артып, біреше рет басылды көрді. Жазушының Шиелі, Жаңақорған ауданының еңбек майталмандары туралы «Жаңарған өлке, жасампаз ұрпақ», «Жәннат жер, жайсаң жандар» атты жинақтары мен «Сөз семсер» сын кітабы, мұнан өзге оншақты көсемсөз бен деректі кітабы оқырмандар көзайымына айналды.
Ол Балғабек Қыдырбекұлы атындағы республикалық байқаудың лауреаты, «Ақпарат саласының үздігі».
«Жаңақорған тынысы» газет­тің белсенді авторларының бірі Нұрмахан Елтайды мара­патымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
23 қазан 2019 ж. 908 0