№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қариялар – қазынам

Қариялар – қазынам

Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, айрықша құрметтеп келген. «Ауылыңда қарт болса жазып қойған хатпен тең» деген аталы сөз соның айғағы. Жайылма ауылдық округінің тұрғындары дәстүрді берік ұстанып, жастарға тәлімді тәрбие сіңіріп келеді. Қарттар мерекесінде сондай сабақтастыққа куә болдық.

Ардагерлер аллеясында өткен мерекелік жиынды ауыл әкімі Талғат Зейдалиев ашып: «Қариялар береке-бірлік негізі. Қарты бар шаңырақтан ырыс пен береке үзілмейді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі. Сондай тамаша дәстүр жалғасын тауып келеді», – деді.
Жайылма ауылының тарихына тоқталған ауыл басшысы шараға қаржылай демеушілік көрсеткен кәсіпкер Еркінбай Шідербаевқа алғысын жеткізді. «Кәмшат» және «Нұр и Хан» балабақшасы қарттарға қызмет көрсетті. Жиында ауылдық клуб өнерпаздары дайындаған концертпен жалғасты. Термеші Ғалымжан Омаровтар жыр-термеден шашу шашса, Әзизхан Тасболат эстрадалық әндерді орындап, көпшіліктің көңілін сергітті.
Жиын барысында ауылдың қадірлі қариясы Абдімәлік Абуов, Мұсахан Ақтаевтар және Нұрмахан Қайбуллаев алғысын жеткізді. Азиз аналар Ұлжан Әбілқасымова, Гаухар Абдикаймова да тілектерін ағытты. №195 мектеп-лицейдің директоры Жанат Жүсіпова ортамызда жүрген қариялардың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істеріне тоқталды.
Салтанатты жиын спорттық сайыстар және көкпармен ұласты. Оған 1975-1998 жыл аралығында туылған ауыл азаматтары 500 мың теңге көлемінде демеушілік жасады.
Қол күрестен Қалжан Думан қарсылас шақ келтірмеді. Арқан тартудан Жаңақорған кентінен келген Саяжай командасы үздік шықты. Ал аймақтық деңгейде өткен шағын футболдан Жайылма командасы қарсыластарының осал тұсын тауып, бірінші орын алды. Көкпар бойынша жайылмалық шабандоз Қалкөз Ержігіт пен сүттіқұдықтық Жұмабек Азамат үздік танылды.

Бек КҮНБАЙ
09 қазан 2019 ж. 582 0