№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Құрметім саған, қарттарым!

Құрметім саған, қарттарым!

Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым, аман саумысың? Ақиық ақын Сағи Жиенбаев жырлағандай, көнекөз қариялар – кемеңгерліктің, парасат пен пайымның шыңы әспеттес. Қазақ қашаннан қариясына құрмет көрсеткен, үлкеннің алғысын алып, бардың бағасын білген текті халық. Халықаралық қарттар күні қарияларға жоғары құрметтің көрінісіне Байкенже ауылында куә болдық. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбымен ұйымдастырылған салтанатты шарада 40 қарияға қаржылай сый-сияпат табысталды.
Тәрбие мен тәлімді арқау еткен жиында сөз алған Байкенже ауылдық округінің әкімі Нұрғали Оспанов:
–Қарттар – белгілі датада ғана емес, өмір бойы құрметтеп, қадірлейтін қазыналар. Қарттарды құрметтеу қанымызға сіңген қағида. Сондықтан, үлкен мен кішіге алтын көпір салып, ұрпақтар сабақтастығын жалғаушы қариялар, ардагер аға-апалар аман болсын. «Қарты бар үй – қазына». Қазынамызды қадір тұтып, өткеннің өнегесін алуға ұмтылайық. Ауылдың ауызбіршілігін сақтап, ел басына күн туған шақта парасаттылықтың биік шыңын көрсеткен қарияларға ерекше алғыс айтамын, – деді.
Мерейлі кештің мәнін кіргізген байкенжелік өрендер әуезді әннен шашу шашса, қарияларды құрметтеуге асыққан мектеп оқушылары мың бұрала би билеп, жауһар жыр төкті. «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» тақырыбында театрланған көрініс қойып, жиылған жұртты рухани серпілтті. Алдыңғы буын аға-апаларды дәріптеп, мәртебесін көтерді.
Келесі кезекте сөз алған «Қызылқұм» ЖШС кеніш директоры Асхат Ниетбаев барша ақ жаулық иелерін, қарияларды төл мерекемен құттықтады. Ізгі тілек білдіріп, мерейін тасытты. Компания басшылығы атынан 40 қарияға қаржылай сыйлық үлестірді. Сондай-ақ, ауыл қарияларына қашанда қамқорлық көрсетіле беретінін тілге тиек етті. Мерейлі мерекеде ауылдық емхана, клуб үйі мен кітапхана ұжымы атынан мекемеде жылдар бойы жұмыс жасаған ардагерлерге сый-сияпат табысталды. Соңынан, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Серкінбайұлы, ауыл ақсақалы Сматулла Бекмұрзаев игі тілек білдірді. Әлеуметтік қызметкер Айсұлу Қалдыбаева ардагерлерге арнап қара сөзден сыр шертсе, ауылдық клуб үйінің жетекшісі Базаркүл Әлиева Шәмшінің әндерінен шашу шашты.
–Ардагер аға-апаларды, қария­ларды құрметтеп жасалған кештің тағылымы мен тәлімі зор. Зейнет жасына шығып, ұрпақ қамын ойлап, отбасы мен ошақ қасынан аса алмасақ та, бізді ескеріп, мархаббатын көрсеткен ауыл басшылығына дән ризамыз, – деді ауылдық емхананың ардагері Роза Қалилаева.

Ханзада ДОШАН
09 қазан 2019 ж. 939 0