ТӨРАҒАЛАР БАС ҚОСТЫ
«Қарты бар елдің қазынасы бар», «Алпысқа келгеннен ақыл сұра», «Ауылыңда қартың болса жазылып қойған хатпен тең» деген нақылдар бекерден айтылмаса керек. Бүгінгі атқарылған шаруа ертеңгі күнге тарих. Жақында аудан ардагерлері бас қосып алдағы уақытқа жоспар жасады.
Бастауыш ұйымдардың келешекте атқарар жұмыстары жөнінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Тақырбасов хабарлама жасады. Ол мұнан соң қазіргі таңдағы елдегі қалыптасқан жайлар жөнінде айта келіп, сөз соңында: – Ауылдық округтердегі ардагерлердің бастауыш ұйымдары төрағалары ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сондай – ақ басшылық тарапынан қоғамдық ақылы негізде қызметкер алуға болады. Олар ұйымның іс қағаздарын жүргізуге қабілетті компьютерде жұмыс істейтін болуы керек. Ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал ету, оған өз үлестерін қосуға мүмкіндік жасау тиімді. Өздеріңізге белгілі, өткен қыркүйек айында 25 зейнеткер облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Астанаға арнайы жолдамамен барып, Елорданың қазіргі келбетімен танысып, аралап қайтты. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Сонымен қатар болашақта «Ауданның құрметті ардагері» атағына үміткерлерді іріктеу және оның санын шектеу керек, осы тұрғыда Сіздердің пікірлеріңіз құнды, – деп сөзін қорытты
Келесі кезекте сөз алған «Ауданның құрметті ардагері» Зинабдин Шермағанбетов, бастауыш ұйым төрағасы Н.Исмаилов, Қ. Мейірбеков, еңбек ардагері Б.Өтешова «Ардагерлер мерейі» газетінің редакторы А.Бекжігітов шығып сөйлеп, бір ауыздан қолдау білдірді.
Жиын соңында Ө.Тақырбасов, З.Шермағанбетов бастауыш ардагерлер ұйымы төрағаларына қызметтік куәліктерін тапсырды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.