№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ақындар Абайды ұлықтады

Ақындар Абайды ұлықтады


Өзгент ауылдық клуб үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар – жылы әлемінде» атты жазба ақындар мүшайрасы өтті.


Ауылдық округ орталығындағы саябақ орталығында өткен мәдени шараға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Мүшайраға Қаратөбе мен Екпіндінің арасындағы елді мекендерден 11 ақын қатысты.
Қарттар күні қарсаңында өткізілген шарада алдымен үлкендерге ізет көрсетілді. Алғы сөз сөйлеген ауыл әкімі Жанұзақ Мырзабаев ел ағаларын «Қарттар күнімен» құттықтады.
– Қазақ халқында ақсақалдар институтының орны биік. Оған «Қарты бар елдің – қазынасы бар», деген аталы сөз дәлел. Біз қайда жүрсек те сіздер салған сара жолдан таймаймыз, оны лайықты түрде жалғастыра береміз, – деді ол.
Одан кейін №224 мектебінің оқушылары дайындаған концертті тамашалады. Жергілікті ақын-әнші Ғалымжан Омаровтың орындаған әні көпшілікті серпілтіп тастады. Концерт соңы жас ақындар мүшайрасына ұласты.
Мүшайра шарты бойынша Абайдың бір өлеңін жатқа оқу міндеттелсе, екіншісі өз өлеңін оқуы тиіс. Жас ақындар бірінен соң бірі сахна төріне шығып өнерлерін ортаға салды.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен түгіскендік Қарақат Сәдібек бас жүлдені қоржынына салды. Абайтануды дәріптеген мүшайрада өзіндік мақамымен ерекшеленген өзгенттік Ернұр Әбіласан бірінші орынды алды. Екінші орынды түгіскендік Жанаткүл Тайбек пен Азамат Қалкөзов өзара бөлісті. «Арман» клубындағы жас оқырман Әсел Мәулен мен қаратөбелік Сұлтанғали Дәулет жүлделі үшінші орынға жайғасты. Жазба ақындар мүшайрасына барлық қатысушылар ауыл әкімінің арнайы «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықпен марапатталды.
Өзгент ауылдық кітапханашысы Айгүл Дулатбаева: «Өзгент клуб үйінің директоры Бақытжан Жакудаевқа рухани маңызы жоғары шара ұйымдастырғаны алғыс білдіремін. Жас ақындар қалыптасып келеді. Оларды осындай мүшайраларда сынып, бағыт-бағдар көрсетіп жіберсек, қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосатын ақындар шығуы мүмкін ғой!», – деді.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК
02 қазан 2019 ж. 1 032 0