Жас өрендердің "Тұлпар Мініп, Ту Алған" байқауы
Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Тұлпар мініп, ту алған" байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Нәтижесінде бірінші орынға тігілген 1 миллион теңгені Қазалылық оқушы Гүлзира Қонысбай, ал оның жетекшісі Гүлфайруз Әлішева 2 миллион теңгені еншіледі.
Екінші орынды Қармақшы ауданынан сынға түскен Даяна Толыбаева (600 мың теңге) мен жетекшісі Мереке Қайнарова (1 200 мың теңге), Үшінші орынды Қазалылық Гауһар Әзен (300 мың теңге) мен оны осы сынға дайындаған мұғалімі Жадыра Көшекбаева (600 мың теңге) өзара бөлісті.
Айта кетейік, «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында өткізілді.
Міне керемет, үш жүлденің екі жүлдесін және қомақты қаржыны Қазалы ауданының жас өрендері иемденсе, бір жүлде Қармақшы ауданына тиесілі.
"БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР" деген осы ағайын.